Записи с меткой «депозит»

Ақшадан ақша табу амалы

инвестицияАҚШ-тың мемлекеттік қайраткері Бенджамин Франклиннің «есіңде сақта, ақшаның көбейгіштік қасиеті бар» деген сөзі бар. Ақша да мал сияқты. Мәселен, сіздің бес қойыңыз бар делік, бірнеше жылдан кейін ол көбейіп онға, одан елуге, одан әрі жүзге жетеді. Әрине, қойдың өсіп-өнуіне жағдай жасасаңыз.

Сол сияқты ақша да, егер дұрыс жағдай жасайтын болсаңыз қораңыздағы малыңыз сияқты еселеп көбейе береді. Байлыққа жетудің кілті де осы ақша арқылы ақша табуды жолға қоюда, яғни инвестициялауда.

Ақша табудың белсенді емес амалы.

Роберт Киосаки табыс табуды екіге бөледі: белсенді және белсенді емес. Егер сіз жұмыс істеп, жалақы алсаңыз – бұл белсенді табыс табуға жатады. Ал пәтеріңізді жалға беріп немесе депозитке ақша салу арқылы ақша тапсаңыз – бұл белсенді емес табыс көзі.

Байлыққа жетуге белсенді емес табыс көзі көмектеседі. Неге десеңіз, ақша табуға бұл жағдайда Прочитать остальную часть записи »

Ақша жасау өнері

Бай, бақуатты болудың жолы күндіз-түні бел шешпей тынымсыз тер төгіп жұмыс істеу деген түбірімен қате пікір. Егер көп жұмыс істейтін адам көп ақша табатын болса, онда Астана, Алматы сияқты ірі қалалардың құрылыстарында тәулігіне 12 сағаттан демалыссыз жұмыс істейтін құрылысшылардан бай адам болмас еді. Өкінішке орай, қысы-жазы тынным таппай тер төгетін құрылысшылардың алатыны ауыз жарығысыз тиын-тебен ғана. «Есектің арқалағаны алтын, жегені сабан» дегендей, күндіз-түні тынным таппай тер төгетін қарапайым еңбекшілердің табатыны тамағы мен киімінен артылмайды.

Байлыққа жетудің сенімді жолы — инвестиция.

Байлыққа бастайтын сенімді және жұрттың бәріне қолжетімді қарапайым жол – инвестиция. Егер сіз айына 70 мың теңге табатын болсаңыз, сол ақшаңыздың бір бөлігін, мысалы ай сайын 10 мың теңгені инвестициялап отырсаңыз, белгілі уақыт өткенде қомақты қаржы жиналады. Әрине, ақшаңызды жастыққа тығып сақтау дұрыс емес. Ондай ақша уақыт өткен сайын құнсызданып, Прочитать остальную часть записи »

Инвестиция әліппесі

Бүгінде инвестиция деген термин жұртқа жақсы танымал болып алды. Инвестор, инвестиция дегенді БАҚ жиі айтып, жазып жатады. Инвестиция дегеніміз не және ол адамдарға не береді? Инвестиция артық ақшаңызды тиімді жобаларға салу арқылы ақшадан ақша жасау өнері.
Бүгінде бай-бақуатты болғысы келмейтін пенде жоқ. Бәрі ақшаға сатылатын нарықтық қоғам ақшаның беделін асқақтата көтергені сонша, ақша үшін тәнін, ағзаларын, ар-ұятын сататындар, тіпті ақша үшін адам өлтіретіндер шықты. Олардың мұндай әрекетіне қазір ешкім таң қалмайды.

Ал бай-бақуатты болудың ең сенімді және қолжетімді тәсілі — инвестиция. Сіз қанша көп жалақы алғаныңызбен бәрібір байлыққа жете алмайсыз. Жалақыңыз өскен сайын шығыныңыз да өсе бермек. Яғни, баю үшін мол жалақы алу шарт емес. Байлыққа бастар жол – бизнес. Бірақ екінің бірі бизнеспен айналыса алмайды. Оның қиындығы өз алдына, қомақты қаржыны қажет етеді. Енді қалғаны – инвестиция.

Ақшаны қайда инвестициялауға болады?

Ең алдымен қолжетімді және сенімді тәсіл саналатын банк депозитіне ақша салуға болады. Қазір мемлекет тарапынан банк депозиттеріне кепілдік берілген. Егер банк бір себептермен банкрот болып қалған жағдайдың өзінде сіздің депозитіңіз мемлекеттік кепілдік бойынша толық қайтарылады. Депозит ең сенімді және тәуекелсіз жоба, бірақ оның бір кемшілігі – пайыздық Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика