Записи с меткой «емші»

Өзің емдел және емші болып өзгені де емде

тәубеРэйки ұзақ жылдар бойы ұстаздан шәкіртке берілу арқылы жалғасқан аз ғана топтың еншісіндегі игілік болып қалды. Тек соңғы уақытта ғана жапонның ұлы ойшылы Микао Усуи негізін салған бұл тылсым емшілік тәсілі қалың бұқараға тарады.
Рэйки тәсілінің бір ерекшелігі — оны ұстанған адам өзін өзі емдеп қана қоймай, бойындағы тылсым қуат арқылы өзгелерді де емдейтін емші болады. Бүгінде әлемнің көптеген елдеріне тараған тылсым тәсілдің игілігін көріп, оның құдіреттілігін дәлелдеп жүргендер аз емес.

Емші болып тумайды.

Рэйки ең алдымен адамның бойындағы барша әлемге таралған рухани қуатты игеруге, сол арқылы өзін ғана емдемей, Прочитать остальную часть записи »

Халық емінің қандай артықшылықтары бар

денсаулыкБүгінде медицина шарықтап дамып кетті. Қазіргі заманғы ең соңғы ғылым жетістіктерінің бәрі де медицина саласында қолданылады. Соған қарамастан, медицина дәрменсіз болып отырған емі жоқ аурулар саны азаяр емес және науқастар қатары да жыл санап өсіп барады.
Қаазіргі нарық жағдайдында емделу қалтаға салмақ түсіретін қымбат шара болып табылады. БАҚ арқылы шетелге барып емделуге қажетті ақша сұрап, алақан жаюшылар қатары көбеюде.

Халық емі арзан және тиімділігі де жоғары.

Қымбат бағалы құрылғылар мен дәрі-дәрмекке сүйенетін қазіргі медицинамен салыстырғанда халық емі әлдеқайда арзан. Көп жағдайларда халық емін қабылдау дәрігердің емінен біршама тиімді болып Прочитать остальную часть записи »

Дерттен айығудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілі

рухани білімҚазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп бар байлықтың басына денсаулықты қойған. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген сөз бар. Адам болған соң ауырмай тұрмайды. Дегенмен, сол дерттен айығудың амалын таппасаң, кішкене дерттің өзі асқынып, өміріңізге қауіп төндіретін қатерге айналуы ғажап емес.

Ауру қайдан шығады?

Қазір аурудан айығудың амалын әркім әр тараптан іздейтін болды. Біреу бұрынғыша үйренген әдетпен емханаға барса, екінші біреулер емшіні дұрыс көреді. Әлдекімдерден естігенін істеп өз бетінше ем-дом жасайтындар да бар. Бірақ та, біз қай тәсілді пайдаланбайық, дерттен құлан таза Прочитать остальную часть записи »

Емшіге сенуге бола ма?

Ауру айтып келмейді. Ет пен сүйектен жаратылған пенде үшін ауру қашып құтыла алмайтын көлеңке іспетті. Бас ауырып, балтыр сыздаған кезде дерттен айығудың жолын әркім әр тараптан іздеп жатады.
Бүгінде адамдардың көбі бұндайда емханаға барып, дәрігер жазып берген дәрі-дәрмекті қабылдайды. Бірақ бәрі сатылатын нарық жағдайында емханаға барып, дәрі сатып алу біраз қалтаға салмақ түсіретін шаруа. Осыған орай, біреулер өзінше халық емін қабылдаса, енді біреулер емшілерге барып, солардан үміт күтеді.

Қазақта емшілік ертеден болған.

Ресейге қосылмай, Батыстың бүгінгі ғылыми жетістіктері келмей тұрған ерте кезеңде қазақта ауырғанды емдейтін халық емшілері болған. Негізінен оларды үш топқа бөлуге болады: тәуіптер, яғни түрлі дәрілік шөптерді пайдалану арқылы емдеушілер, бақсылар – бойларындағы қасиет арқылы жынмен байланысып, солар арқылы ем-дом жасайтындар, ең соңында, Құран аяттары арқылы дұғамен емдейтіндер.

Прочитать остальную часть записи »

Емшілік Жаратқан берген қасиет пе?!

жанӨткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында Кашпировски, Чумак сияқты экстрасенстер шығып, халық алғашында олрға құлай сенген. Бірақ кейін келе экстрасенс емшілерге деген сенім азайды. Оған себеп болған – емші атын жамылып, ақша табуды мақсат еткен алаяқтардың көбеюі болған еді.

Сол тұста ерінбегеннің бәрі өздерін емшіміз деп жариялап, халықтың ақшасын алдап алу белең алған-ды. Мұның өзі бойларында шын қасиеті бар нағыз емшілердің қызметіне үлкен залалын тигізді. Сол тұста ғылым тарапынан емшілердің бойындаға тылсым қабілетті зерттеуге деген ынта байқалған. Алаяқтар ғылыми зерттеулердің жалғасуына да кедергісін тигізді.

Халық емшісі Ырысты Жексенбекова.

1996 жыл болатын. Ол кезде мен Ақмола облысы Атбасар ауданында жаңадан ашылған қазақ тілінде шығатын «Атбасар» газетінің редакторы болып қызмет ететінмін. «Атбасар» қонақүйіне бір емші түсіпті дегенді естіп, сол тұста осы тақырыпқа қызығушылық танытып жүрген мен соған бардым.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика