Құранда төбелерінен күйдірілген тас жауып, опат болған Лұт пайғамбардың жұрты туралы аяттар бар. Олар Алланың қаһарына әйелді қойып, еркекпен жақындықты жақсы көргендіктері үшін барғандығы айтылады.
Бүгінде ғылыми тілмен гомосексаулист атап кеткен тәні – еркек, өздерін әйел сияқты сезінетін пенделер сонау атам заманда да болғандығын осыдан аңғарамыз және бұл Жаратқанның қаһарына ұшырататын азғындық, яғни ауыр күнә болып саналатынын түйсінеміз.
Қай жыныстың өкілі екендігін білмейтін дүбәралар.
Бүгінде Лұт пайғамбардың жұрты сияқты азғындыққа белшеден батқан пенделер қатары көбейгені соншалық, олар Батыс елдерінде азшылық болудан әлдеқашан қалған. Экономикасы шарықтап дамыған, біз үлгі тұтатын біраз елдер еркек пен еркектің кәдімгідей некелесіп, бірге отбасы құруына жағдай жасайтын заңдар қабылдап алған.
Прочитать остальную часть записи »