Posts Tagged ‘имандылық’
Имандылықтың қайнар көзі – реттеушілік
Ойдан шығарылған түрлі діни ағымдарды былай қойғанда, әлем халықтары ұстанатын негізгі бес дәстүрлі дін бар. Олар: христиан, ислам, иудей, индуизм және буддизм діндері. Егер осы дәстүрлі діндерге назар аударып қарайтын болсақ, олардың бәрінде ұстанушыларына арналған реттеуші принциптер болатынын аңғарамыз. Индуизм мен буддизм діндері ет жеуге мүлдем тиым салса, ислам діні шошқаның етін жеу және арақ-шарап ішу харам деп санайды. Мұндай тиымдар христиан және иудей діндерінде де бар. Дәстүрлі діндерде неге мұндай шектеулер қойылған?
Күн тәртібінің құдыреті
18 жасымда ел қатарлы мен де әскерге шақырылып, Отан алдындағы борышымды өтеуге бардым. Бұрын ұйқым келгенде ұйықтап, тамақ ішкім келген кезде тамақтанып еркін жүруге үйреніп қалған Read the rest of this entry »
Тұрақтылық – барша адамның арманы
Қоғамдық, саяси, экономикалық тұрақтылық – бүгінгі адамдардың орындалмас қиял-арманы болып отыр. Биыл жыл басынан бері ғана ұлттық валютамыз – теңге әлденеше рет құнсызданып, тұрақтылық сақталады, бәрі дұрыс болады деген лауазым иелерінің айтқандарын түгел теріске шығарды. Қаржы-экономикалық тұрақсыздықты былай қойғанда, күн сайын заңдарымыз өзгеріп, толықтырылып жатады, министрлер мен әкімдердің жиі ауысатыны сонша, олардың аты-жөндерін халық біліп те үлгірмейді.
Тұрақтылық неге жоқ?
Өз басым осы өмірімде бірнеше реформаны бастан өткердім. Бала кезімізде Хрушевтың КСРО-ны түгел жүгерілендіріп, 1980-ші жылдары коммунизм орнатпақ болған реформасының шет жағасын Read the rest of this entry »
Нәпсіні ауыздықтаудың жолы – имандылық
Нәпсі адамның ақыл-есін алып, өзіне де, өзгелерге де үлкен залалын келтіретін есуас әрекеттерге еріксіз мәжбүрлейді. Соңғы жылдарда ел арасында педофил дегендердің қатары көбейіп кетті. Ондайлар ауылда да, қалада да аз емес және сондайлардың құрығына түсіп, зардап шегіп жатқан балалар қатары өсіп барады.
Педофил деген – нәпсінің құлақ кесті құлы
Педофил дегендердің белең алғаны сонша, қазір Парламент депутаттары, онан қалды зиялы қауым өкілдері арасында осындай кеселге шалдыққандарды химиялық жолмен әтектеу керек деген ұсыныс айтып жатыр. СПИД сияқты жазылмайтын дерт саналатын педофил дегендерді осылай Read the rest of this entry »