Записи с меткой «ислам»
Рухани даму үшін білім қажет
Сіз қай жолды таңдап, рухани дамуға қол жеткіземіз десеңіз де, бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен білім қажеттігін ескеруіңіз шарт. Білімсіз жасаған тағат ибадаттарыңыздың бәрі желге ұшып, сізге көк тиын пайда әкелмейді. Керісінше, ондай діни парыздарды орындау арқылы апарадха, яғни дінді қорлауға жол беріп, күнәға белшеңізден батасыз.
Кез келген фәни әрекетті жасау үшін білімнің қажеттігін ешкім теріске шығармайды. Мысалы, өзеннен өтетін көпір салу қажет болды делік. Ол көпірді оның құрылысынан хабары жоқ біреу салатын болса, құрылыс барысында қателіктерге бой алдырып, ертең құлап қалуы, тіпті апатқа ұшырап, адамдар жазым болуы мүмкін. Сондықтан көпір құрылысын салуға осы саланың білікті маманы тартылуы қажет. Сол сияқты дінде де білімсіз алға жылжу еш мүмкін емес.
Атақты ғалым Альберт Эйнштейн «Ғылымсыз дін – соқыр, дінсіз ғылым – ақсақ» деген екен. Ғылым мен дін біріккенде ғана нағыз білім келеді. Қазір өкініштісі сол, ғылым бір бөлек, дін бір бөлек. Бұдан ғылым да, дін де ұтып отырған жоқ, керісінше біреуі ақсақ, екіншісі соқырға айналып, мүгедек хал кешуде.
Ислам діні алғаш орныққан кезде ғылыммен бір болды және сол тұста ислам адамзат өркениетін дамытуға елеулі үлес қосқан көптеген ғалымдарды шығарды. Екінші ұстаз атанған Әбунәсір Әл Фарабидің ғылыми трактаттарында Аллаға сыйынушылық жиі кездеседі. Фараби мықты ғалым ғана емес, жүрегіне иман ұялаған мұсылман да болды. Өкінішке орай, кейін келе ислам діні ғылымнан бөлектеніп, соның нәтижесінде соқыр фанатизм үстемдік алды. Бүгінде мешіттерде айтылатын уағыздарды тыңдасаңыз, «Пайғамбарымыз былай деген екен, сахабалар бүйткен екен» деген ертегі, аңыз түрінде болып келеді. Бұдан үлгі-өнеге алуға болар, бірақ ол ешқандай да білім бермейді.
Прочитать остальную часть записи »Алла адамдарды алалай ма?..
Алла барша әлемдерді, тіршілік иелерінің Жаратушысы және Иесі. Бұл ақиқатты барлық дәстүрлі діндер мойындайды. Барша әлемді жаратушы құдай адамдарды «мынау жақын, мынау алыс, мынау бөтен, мынау дұшпан» деп кәдімгі біздер, яғни екі аяқты пенделер сияқты бөле ме? Бұған жүрегінде Аллаға деген қиқымдай да сенімі бар әрбір пенде «жоқ» деп жауап береді. Бірақ, шындығында адамдардың көбі бұлай ойламайды. Олар құдайды «жекешелендіріп» иемденіп алған. Жер бетіндегі дінаралық қақтығыс, соғыс, алауыздық деген кесапаттардың басты негізі де – дәл осында.
Құдай мұсылмандарды ғана сүйіп, басқаларды жек көре ме?
Кеңес заманында діннен аулақтап, имандылықтан айрылып қала жаздадық. Дегенмен, тәуелсіздігімізді алған соң, адамдардың, әсіресе жастардың көбі Аллаға қарай жүзін бұрып, дінге бет Прочитать остальную часть записи »