Записи с меткой «кәрілік»

Қартаю туралы не білеміз?

денсаулыкБір де бір тірі пенде қашып құтыла алмайтын үш қатер бар, ол: ауру, қартаю және өлім. Ауырғысы, қартайғысы, өлгісі келетін пенде жоқ, бірақ бұл үш қатер шақырмай-ақ есігімізден баса көктей кіріп, төрімізді жайлап алады. Кеше ғана бүлдіршіндей құлпырған қыз бен бұлықсыған жігіт араға біраз жылдар салып бүкірейген кемпір мен бүкшиген шалға айналады. Бұл – өмір заңы.

Адам қалай қартаяды?

Қартаю туралы бүгінде ғылым түрлі пікірлер айтып, қартаймаудың амал-тәсілдерін табу үшін жанталасып жатыр. Дегенмен, өмір заңын өзгерту әзірге мүмкін болмай тұр. Ақшаға бәрін сатып алуға болады дейтін қазіргі нарық заманының өзінде миллиондаған, тіпті миллиардтаған ақшасы бар Прочитать остальную часть записи »

Қорқыныш

вирусАдамның қол-аяғын буып, дәрменсіз ететін ең қатерлі дұшпандардың бірі – қорқыныш. Ештеңеден қорықпайтын, қорқыныштан ада адам болмайды. Үрей мен қорқыныш біздің көлеңкеміз сияқты өле-өлгенше қыр соңымыздан қалмай, өмір жолымызда үнемі белгілі дәрежеде ықпалын тигізіп отырады.
Ертеңгі күнім не болады, жұмыстан қысқарып қалсам қайтемін, кредитімді қалай төлеймін деген сияқты үрейлі ойлардан арыла алмай үнемі қорқыныш құрсауында жүретіндер көп. Өзіміз қатты байланған басқа да сезім нысандарынан айрылып қалудан қорқып, соны сақтау үшін өзімізге қолайсыз түрлі әрекеттерге барып жататынымыз жасырын емес.

Қарқыныш қайдан пайда болады?

Қорқыныштың түп тамыры ешқашан қашып құтыла алмайтын үш негізгі қатер – ауру, кәрілік және ажал. Бұл үш қатер бізді әрдайым қорқыныш құрсауында ұстайды. Егер адам ауырмайтын, Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика