Записи с меткой «медитация»

Емделудің сенімді жолы

медитацияАуру адамға айтып келмейді. Ет пен сүйектен жаратылған пенде ауырмай тұрмайды. Тәнін қинаған аурудан емделу үшін әркім әртүрлі тәсілді қолданып жатады. Адамдардың көпшілігі бұндай жағдайда емханаға барып, дәрігерге көрінеді және оның жазып берген дәрісін ішеді.

Дәрі ішу арқылы дерттен толайым жазылып кету мүмкін емес. Дәрі дерттің аздап күшін басып, уақытша тоқтатқанымен, ол көп ұзамай қайта оралады. Дертті ауыздықтаудың ең сенімді жолы денсаулықты сақтауға көңіл бөлу. Ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған әлдеқайда оңай және тиімді болмақ.

Медитация арқылы емделу.

Рэйки тәсілі медитация арқылы емделуге болатынын және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде көрсетіп отыр. Оны қолданған Прочитать остальную часть записи »

Медитация – ақыл-ойды басқару ілімі

Ақыл-ойды саналы түрде бақылау және басқару арқылы біз өмірде ойымызға алған арман-мақсаттарымызға жетуге мүмкіндік алып қана қоймай, бойымыздағы түрлі дерттерден арылуға да қол жеткізе аламыз. Ежелгі сауықтыру тәсілі болып саналатын рэйки медитацияға жете көңіл бөледі.
Медитация арқылы бойымыздағы қуаттарды басқарып, оны дерттен айықтыру мақсаты үшін пайдалануымызға болады. Рэйки тәсілі осыны қалай жүзеге асыруға болатынын үйретеді.

Ақыл-ойыңды тәніңнің түрлі бөліктеріне аудар.

Адамдардың көбі өздерін тән деп санағанымен, шындығында өз тәндерінің құрылысын жете білмейді және тәндеріне онша назар да аудармайды. Рэйки ақыл-ойды тәннің түрлі бөліктеріне шоғырлау арқылы тәннің кескіндемесі туралы нақты түсінік алуға болады дейді. Бұл адамның өзін жетік білуіне және қоршаған ортамен байланысын дұрыс жолға қоюына игі ықпал етеді.

Рэйки тәсілі ақыл-ойды тәннің түрлі бөліктеріне қалай аудару қажеттігін түсіндіріп, оны меңгеруге үйретеді. Егер сіз бұл жаттығуларды жетік меңгеретін болсаңыз, көңіл күйіңізді Прочитать остальную часть записи »

Ақыл-ойды бақылау және басқару

Бүгінде йога дегенді білмейтін адам жоқ шығар. Үнді елінен бастау алатын бұл ілімнің қай кезде, қалай шыққаны белгісіз. Қазір Қазақстанның көптеген аймақтарында йога орталықтары жұмыс жасайды.
Йоганың мағынасы – байланыс немесе жалғасу дегенге келеді. Яғни, йога жаттығулары бізді Жаратқанмен, ғылыми тілмен айтқанда табиғатпен байланысуымызға көмектеседі. Бұл байланыс бізге бүгінде жоғалтып алған интуиция арқылы әрекет жасауға мүмкіндік жасайды. Ал ішкі үн – интуиция арқылы әрекет ететін адам ешқашан қателікке бой алдырмайды.

Сегіз сатылы йога.

Йоганың түрлері көп. Хатха йога, раджа йога, мантра йога, агни йога болып жалғасатын йоганың ең биік шыңы – бһакти йога. Бһакти – бұл Жаратқанға деген сүйіспеншілік. Мұндай деңгейге жету миллионның бірінің ғана маңдайына жазылған бақыт.

Сегіз сатылы йога адамды ақыл-ой ықпалынан шығып, оны бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді. Гияна йога деп аталатын бұл йогамен Индияда фәни жалғанның ықпалынан шығып, Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика