Записи с меткой «нәтиже»
Қиындық адамды шыңдайды
Көп адамдар қиындықтан қорқады. Олар өмір жолым тақтайдай тегіс, жеңіл болса, ойлаған арман-мақсаттарымның бәрі жедел және оңай орындалса деп тілейді. Шындығында жеңіл жолмен келген игіліктің берекесі болмайды және қиындық адамды шыңдап, өмірге бейімделуге көмегін тигізеді. Яғни, қиындық жауымыз емес, керісінше досымыз.
Ас жесең, бал же
Ертеде бір бай кісі өмір сүріпті. Ол қайтыс боларында жалғыз ұлын шақырып алып, мынадай өсиет айтады: «қала сайын үй сал, жұма сайын қатын ал, ас жесең, бал же». Баласы әкесін жерлеп, одан қалған мол дүниеге ие болады.
Ол әкесінің өсиетін айнытпай орындайды. Қала сайын үй салады, жұма сайын үйленеді және не ішіп-жесе де бал араластырып тамақтанады. Содан көп ұзамай мол дәулет сарқылып, кедейленеді. Бар байлығынан айрылып, қатты жүдеген әлгі жігіт бірде көшеде мұңайып отырады.
Сол кезде оның жанына келіп отырған бір қария «аяқ-қолың бүтін, денің сау жап-жас жігітсің, неге осынша мұңаясың» деп сұрайды. Сонда ол басынан кешкен жайын баяндап береді. Мұны естіген қария «Әттеген-ай, балам, әкеңнің айтқан сөзінің мәнін ұқпаған екенсің. Әкең өте ақылды адам екен. Оның қала сайын үй сал дегені, әр қалада таныстарың болсын, сонда өрісің кеңиді, жұма сайын қатын ал дегені әйеліңмен жұмасына бір рет жүздес, сонда денсаулығың жақсарып, ұрпағың көбейеді, ал ас жесең бал же дегені, еңбек етіп тапқан мал балдай тәтті және берекелі болады дегені екен» -депті.
Жеңіл жолмен жеткен байлық — қадірсіз.
Жасыратын не бар, КСРО құлап, нарыққа көшкеннен кейін жекешелендіру саясаты арқылы қолдарында билігі бар адамдар оңай жолмен мол байлыққа кенелді. Олардың өздері де, балалары да бүгінде байлыққа ие болып отырса да, шын мәнінде соның қадір-қасиетін білмейді.
Прочитать остальную часть записи »Байлық қалай келеді?
«Бақытсыздық деген не?» деп сұрапты бір жебірейден. Сонда ол: «қалтаңда бір тиын ақша болмауы, нағыз бақытсыздық — осы» деп жауап беріпті. Қалтасында көк тиыны жоқ адам көшеде өзін қалай сезінетінін түйсіну үшін данышпан болудың қажеті жоқ. Ақша адамға қуат, сенім және жайлылық сияқты сезімдер береді. Дегенмен, байлық екінің бірінің маңдайына жазылмаған құбылыс. Байлыққа қол жетудің нақты амал-тәсілдері жайлы Наполеон Хиллдің «Ойлан да, байы» кітабынан өмірлік мәні бар аса құнды ақпараттар табасыз.
«Жоқтың» тасасына жасырылған «Иә»
Ескі диірменде Дерби мырза екеуміз әңгімелесіп тұрғанда ол маған атасы мен мулат қыздың арасында болған оқиға жайында айта келе «бұл жөнінде сіз не ойлайсыз, ақырған ақсақалды райынан қайтарып, айтқанын істеткен сәбидің бойындағы Прочитать остальную часть записи »
Нәтижеге жетудің құпиясы – сенім
Ежелгі грек ойшылы Платонның «сеніммен тауды қозғауға болады» деген сөзі бар. Сіз таудың етегіндегі тасты қозғай аларсыз, бірақ таудың өзін қозғайтын адам жоқ. Яғни, бұл сөздің мәні – сенім арқылы ақылға сиымсыз шаруаны да жасауға болады дегенді білдірсе керек.
Илья Ильиннің жеңісі.
Алматыда өткен ауыр атлетика біріншілігінде атақты штангашы Илья Ильин серпе көтеруден 242 келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартып қана қоймай, қарсыластарының бәрін сан соқтырып, чемпион атанды. Ильиннің бұл жеңісі туралы жазып отырған себебіміз – оның ақылға сиымсыз таңғажайып істі атқаруының сыры жайында ой бөлісу еді.
Мақсатшылдық адамға не береді?
Жасыратыны жоқ, адамдардың 90 пайыздан астамы алдарына нақты мақсат қоймай, жел айдаған қаңбақ сияқты өмірдің ағымымен күндерін өткізеді. Мақсатшылдық дегеніміз не? Алдыңа нақты мақсат қойып, соған жетемін деген ынтамен өмір кешу.
Мақсат биіктерге бастайды.
Мен 1980-ші жылдарда жазушы болсам деген арманмен шығармашылыққа ден қойдым. Айқын мақсат болды – ол жазушы болу еді. Алғашында қалпақпен ұрып алатындай жеңіл көрінгенмен, жазушылық деген мен ойлағандай оңай шағылатын жаңғақ емес екен. Шағын әңгімелерді бұрқыратып біраз жаздым, бірақ неге екені белгісіз тілім ойқы-шойқы және үнемі бірдеңе жетіспейтін сияқтанып тұратын. Оның не екенінн түсіне алмадым. Жазғандарымның ешқайсын газеттер жарияламады. Бірақ алған бетімнен қайтпадым.
Нәтижеге жетудің қарапайым тәсілі
Кез келген адам үшін ең маңызды мәселе – ойына алған ісі бойынша нақты нәтижеге жету. Нәтже дегеннің екінші мәні – мақсат. Біз ойымызға алған арман-мақсатымызға жету арқылы мына өмірде бақытқа бөленеміз деп ойлаймыз. Дегенмен, нәтижеге жету екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Адамдардың көбі өкінішке орай, ойларына алған мақсаттары орындалмаған соң, күдер үзіп, одан бас тартып жатады.
Нәтижеге жеткізер маңызды қадам.
Нәтижеге қалай жетуге болады деген сауалға жауап беру үшін терең білімді, данышпан болудың еш қажеті жоқ. Мен сізге ешкім, ешқашан теріске шығара алмайтын, қарапайым және еш мүлтіксіз жұмыс жасайтын тәсіл туралы айтқым келеді. Ол – тұрақты әрекет немесе қайталау деп аталады.
Өткен ғасырда атақты қазақ палуаны Қажымұқанмен қатар өмір сүрген және спорт әлемінде мәңгі атағын қалдырған Георг Лурих деген палуан атлет болған. Жаурыны жерге тимеген Лурих тек атлет қана емес, журналист, музыкант сияқты бір-біріне қабыспайтын бірнеше мамандықты да Прочитать остальную часть записи »
Пайдалы істі өміріңізге енгізгенде ғана нәтижелі болады
Кез келген пайдалы іс сіздің өміріңіздің ажырамас бөлігі ретінде тірлігіңізге терең енгенде ғана нәтижелі болады. Егер өзіңізге пайда келтіретін шаруаны қолға алғаныңызбен, ол өміріңіздің ажырамас бөлігі ретінде қалыптаспаса, ол әрекетті оңай және кез-келген сәтте тастап кетесіз. Ал тірлігіңізге терең енген іс әдетке айналып, өле-өлгенше сізбен бірге болады.
Нәтижеге жетудің кепілі.
Бүгінде жасы 87-ге келген Көкшетауда тұратын Бекболат Сәдуақасов деген ақсақал 24 жасында жоғары оқу орнын бітіріп прокуратураға қызметке келген күнінен бастап күнде таңертең дене жаттығуын жасауды әдетке айналдырады. Бұның өміріне тереңдеп енгені сонша, күніне 1,5 сағат дене жаттығуын жасау және жүгіру, оған қоса мұздай суға шомылу – берік әдетіне айналады.
Ақсақал бұл әдетін ешқашанда тастамаған және тастауды ойламаған. Ол тіпті, демалыс кездерінде тегін жолдамамен шипажайға барудан да бас тартады екен. Оның себебі – күнделікті қалыптасқан күн тәртібінің бұзылуына жол бермеу. Енді осы өміріне терең енген және тірлігінің ажырамас бөлігіне айналған әдеттің нәтижесі қандай дегенге келсек, 87-гі ақсақал өмірі ауру дегенді білмей келеді. Қазір де ол әдетінен жаңылмай күн сайын 1,5 сағат дене жаттығуын жасап, жүгіреді және мұздай суға шомылады.
Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі пайдасын көре тұра бір шаруаны қолға алса, оның өз тірлігіне Прочитать остальную часть записи »
Нәтижеге жетудің құпиясы
Адамдардың басым көпшілігі, тіпті бәрі дерлік жұмысты тек нәтижесі үшін жасайды. Олар жұмысты қолға аларда, оны орындап жатқан кезде сол істі атқару оған қанша игілік әкелетінін, яғни нәтижесін ойлаумен болады. Өкінішке орай, біз істің нәтижесін ойлап, соған жетуді қанша армандасақ та, іс жүзінде нәтиже біз күткендегідей болмай жатады.
Нәтижеге жетуге не кедергі?
Кез келген шаруаны қолына алған адам ең алдымен сол арқылы қандай пайда табатынын ойлайды. Ойын сол жұмыстың нәтижесіне шоғырлаған пенде өзі атқарып жатқан жұмыстың өзін онша ойлай қоймайды. Жан-жағыңызға зер салып қараңызшы, тіпті көлік рулінде отырған жүргізушінің өзі әлденені ойлап отырады. Біз жүріп келе жатып, тамақ ішіп отырып, түрлі жұмыстарды жасап жатқан кезде – үнемі сол іске мүлдем қатысы жоқ жайлар туралы ойлап жүреміз.
Медитациямен немесе иогамен айналысатындарда «самадхи» деген түсінік бар. Самадхи – бұл иогтың ақыл-ойын шоғырлаған нысанға бар назарын аударуы арқылы соған толық енуі. Самадхи деңгейіне жету арқылы адам ақиқатты таниды деген түсінік бар. Яғни, сіз бірдеңе жайлы тереңірек білгіңіз келсе, сол нысанға ақыл-ойыңызды барынша шоғырлап, ол жайындағы ақпараттарға бар зейініңізбен назар аударуыңыз шарт.
Егер сіз бір жұмысты жасап жатқан кезде басқа нәрсе туралы ойлап отырсаңыз, жұмысыңыздың сапасына бұл Прочитать остальную часть записи »