Өткенде «Хабар» телеарнасынан бір депутат пен ғалым экономистің «банктен несие алу керек пе, жоқ па» деген мәселеге байланысты пікірталасы болды. Біреуі несие алу керек десе, екіншісі оны түгелдей жоққа шығарды. Ал енді сіз қалай ойлайсыз, банктен несие алу қажет пе, жоқ па?
Жақсы және жаман несие деген не?
Әлемге аты танымал инвестор, «Бай әке мен кедей әке» бестселлерінің авторы Роберт Киосаки «жақсы несие, жаман несие» деген болады дейді. Біз үшін несиенің бәрі бір. Оның жақсысы, жаманы бола ма екен? Байыппен ой жүгіртіп қарасақ, несиенің де жақсы, жаманы болады екен.
Қазақстанда қазір жұмыс істейтін 9 миллион адам болса, солардың 6 миллионының несиесі бар. Несиені қайтара алмай сотты болып, үйінен, басқа да мүліктерінен айрылып жатқандар аз емес. Одан қалды, несиені қалай қайтарамын деп бастары қатып, жүйке аурына ұшырағандар, тіпті тығырықтан шығар жол таба алмай қиналып, өздеріне қол салғандар да бар.
Осыған қарап, банктен жағдайың болса ешқашан несие алмау керек деген ой түюге болар еді. Бірақ та, нарық қоғамында банк несиесі қаржы саясатының ажырамас бөлігі саналады. Яғни, экономиканың қарқынды дамып, елдің тұрмысының түзелуі – тікелей банк-несие саясатына байланысты.
Егер сіз несиені той жасау үшін алып, бір кештегі көңіл көтеруге милииондаған теңге жұмсап, сол қарызды он жыл бойы еселеп төлейтін болсаңыз, бұл «жаман несие». Ал егерде несиені бизнесіңізді ашу үшін (далее…)