Posts Tagged ‘орташа жалақы’

Инвестициялау не үшін қажет?

Бай-бақуатты болудың ең сенімді, қарапайым және қолжетімді жолы – инвестиция екендігін осының алдындағы бір мақаламызда айтып кеттік. Инвестициялау үшін ірі бизнесмен болу немесе жалақыңыздың жоғары болуы шарт емес. Ең бастысы, алдыңызға нақты мақсат қойып, ақшаңызды сенімді жобаларға үзбей инвестициялап отыруды берік дағдыға айналдыру қажет. Міне, сонда табысқа сөзсіз жетеріңіз анық.

«Инвестициялауды қалай үйренуге болады?» деген сауалға жауап бермес бұрын, ең алдымен «Инвестициялау не үшін қажет?» деген сұрақтың жауабын тауып алғанымыз жөн. Инвестициямен айналысқысы келетін адам негізінен екі мақсатты көздейді: №1 мақсат – белгілі бір қажеттілік үшін ақша жинау.

Инвестиция қажетті ақшаны жедел жинауға көмектеседі.

Мәселен, сіз автокөлік сатып алғыңыз келді делік. Әрине, жалақымен жан бағып отырған сізге бағасы миллиондаған теңгемен өлшенетін машинаны бірден сатып алу қиынға түсетіні белгілі. Бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді жолы – ақша жинау. Бұл жағдайда сізге инвестиция ойыңызға алған шаруаңызды неғұрлым жедел орындауға мүмкіндік береді. Ақшаңызды жастыққа тығып сақтағаннан гөрі, банк депозитіне салу немесе акциялар сатып алу арқылы Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика