Записи с меткой «пайдалы»

Өмірге көзілдіріксіз қарап үйреніңіз

тәубеАдамдардың көбі өмірге түрлі түсті көзілдірік арқылы қарайды. Өкініштісі сол, олар көзілдірік арқылы бұрмаланған өмірді шынайы өмір деп санап, өздерін ақиқат жолында жүргендей сезінеді және соған шүбәсіз сенеді. Ал теріс жолмен жүрген, бірақ түзу жолмен кетіп барамын деп санайтын адамның ешқашан діттеген жеріне жете алмайтыны даусыз.

Надандық құрсауында

Ұлы Абайдың «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті надан адамның» деген өлеңі өз мәнін ешқашан жоймайды. Өйткені, жұрт айтса болды деп өзгелердің жасағанын айна-қатесіз қайталаумен тірлік кешіп жататындар бұрын болған, қазір бар Прочитать остальную часть записи »

Ұнамдылығын емес, пайдалы жағын ойла

61Адамдардың басым көпшілігі қай нәрсе болмасын ең алдымен оның өзіне ұнамдылығы жағына мән береді. Ал сол ұнамды нәрсенің қаншалықты пайдалы, не пайдасыз екендігін мүлдем қаперге алмай жатады. Біздің өмірде көп қателіктер жасап, сәтсіздіктерге ұрынатынымыз, жолымыз болмай қиындықтан көз ашпай жүретініміздің басты себебі де дәл осында.

Қазаққа пайдалы ақпарат қажет пе?

«Мен инвестормын» блогында белгілі ресейлік психолог ғалым Хасай Алиевтің «Хочешь иметь что хочешь» деген электронды кітабы туралы мақала жазған едім. Бүгінде Ресейде мыңдаған адам осы кітаптың ұсынған тәсілін пайдаланып денсаулықтарын нығайтып, ойға алған мақсаттарына жетіп жатқаны шындық. Прочитать остальную часть записи »

Кез келген істе пайдалы жағына назар аударыңыз

денсаулықАдамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілген, оларда мақсатқа жету үшін қажетті – ақыл, зерде, қабілет, жады сияқты Жаратқан сыйлаған игіліктер бар. Бірақ соған қарамастан, адамдардың көбі пайдалы іспен емес, өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізетін жаман істермен айналысады және содан зардап шегіп жатады. Неге? Өйткені олар қандай іске де оның пайдалы, не пайдасыз екеніне емес, өзіне ұнайтын, болмаса ұнамайтын өлшемі тұрғысынан қарайды.

Бізге ұнайтын нәрсенің бәрі пайдалы емес.

Егер өмірге байыппен назар аударып қарайтын болсақ, ұнамды нәрсенің бәрі залалды екенін бағамдауға болады. Және өзіне ұнайтын нәрсені жасауға ақылы неғұрлым аз тіршілік иелері бейім келеді. Мәселен, ақылы толмаған кішкентай сәби қолына түскеннің бәрін аузына салады. Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика