Записи с меткой «парыз»
Ілім-білім үйрену – парыз
Ислам дінінің тарата айтар болсақ 40 парызы, яғни орындауға тиісті міндеті бар екен. Солардың бірі – ілім-білім, оның ішінде дін ілімін үйрену. Дін ілімін үйренбеген адам мұсылмандық парыздарын қанша тырысып орындағанымен, уақыт өте келе санскрит тілінде апарадха деп аталатын дінді қорлауға ұшыратады. Ал дінді қорлау діни шарттар мен парыздарды ұқыпты орындағанға қарамастан, имандылықтан айырып, күнәға батырады, ақырсында діннен бездіреді.
Пайғамбардың хадистерінде біліммен жасалған тағат ибадаттың білімсіз жасалған ибадаттан мың есе артық екені айтылған. Неге мың есе артық? Мысалы, намазды алып қарайық. Білімсіз адам да дәретін алып, жайнамазға тұрып, жүзін құбылаға қарата намазын оқиды, білімді адам да дәл солай жасайды. Соған қарамастан, неге білімсіз адам уақыт өте келе иманынан ажырап, намаз оқығанына қарамастан жүрегі бітеліп, құрдымға құлайды?
Осы арада мына жайға назарыңызды аударғым келеді: мына фәниде кез-келген пендешілік әрекетті жасағанда оның нәтижелі болмағы білімге байланысты болатынын ешкім теріске шығара алмайды. Мәселен, үй салдыңыз делік. Сіз құрылысшы емессіз, бірақ үйді қалай тұрғызатынын біреулерден естіп, сырттай бақылап көре жүре көкірегіңізге түйгендеріңіз бар. Міне, соларды есіңізге алып, үйді өз күшіңізбен, өзіңіз салуға бекіндіңіз. Сөйтіп, құрылыс материалдарын алдыңыз, іргетасын құйып, қабырғасын көтердіңіз, есік-терезесін салып, әрлеу жұмыстарын жүргіздіңіз. Бәрі дұрыс сияқты. Үй бітті. Бірақ сіздің үй салу тәжірибеңіз, осы саладағы біліміңіз болмағандықтан, құрылыс барысында біраз қателіктерге жол бердіңіз. Іргетасын дұрыс құймадыңыз, кірпіш қалағанда байланыстырмадыңыз, есік-терезесін ық, күнгей жақтан емес, жел соғатын теріскейден шығардыңыз. Міне, осындай қателіктерден уақыт өте келе түрлі қиындықтар туа бастайды. Есік-терезеден жел улейді, қабырға жарылып, үйдің іргетасы шөгеді. Осылайша бірнеше жылдан кейін ол үйде тұру мүмкін болмай қалады. Бұл сіздің білімсіздігіңіздің нәтижесінде орын алған қиындық.
Міндетті орындау міндет
Әр адам дүниеге келген кезінен бастап мойнына көптеген міндеттер жүктеледі. Өзін жарық дүниеге әкелген ата-анасының, дос-жарандарының, ағайын-туыстың, ауылдастарының, көрші-қолаңның, ұстаздарының, өзі еңбек ететін ұжымның, Отанының алдындағы міндеттер бар. Бір сөзбен айтқанда, адам өле-өлгенше мойнына көптеген міндеттер арқалайды.
Міндетіне адал адамды Алла да ұнатады
Ведалық ілім бойынша «дхарма» деген түсінік бар. Оның мәні мынада – әр адамның мойнына жүктелген көптеген міндеттер болады және оны орындау арқылы пенде Жаратқанның разылығына бөленсе, керісінше орындамау күнәларға жол ашып, екі дүниедегі өмірін қиындатпақ.
Өз дхармасын, яғни міндетін адал орындаған адам шариғат жолымен жүріп, діни парыздарын Прочитать остальную часть записи »
Меккеде қажылыққа барған 717 адам тапталып өлді
Меккеге қажылыққа барып, мұсылмандық парыздарының бірін өтеу исламды ұстанатын әрбір пенденің арманы. Жыл сайын Құрбан айты қарсаңында қажылық парызын өтеу үшін 2 миллиондай адам Меккеге келеді екен. Биылғы жылы қажылық парызын өтеуге келгендер күтпеген апатқа тап болып, Арафат тауына бара жатқандар мен қайтып келе жатқан қалың топтың түйісуі салдарынан 717 адам тапталып қаза тапса, 800-дей адам ауруханаға түскен.
Меккедегі мұндай апат бірінші рет болып отырған жоқ
Қажылық парызын өтеуге келгендер арасында қалың нөпірдің табан астында қалып, тапталып өлу оқиғалары биыл бірінші рет болып отырған жоқ. Мұндай қайғылы апаттар үнемі қайталанып Прочитать остальную часть записи »