Записи с меткой «рухани даму»

Ақыл – программа

Бһагавад Гита кітабында Жаратқанның қуаты болып табылатын ақыл, оның табиғаты туралы жан-жақты айтылған. Өлі тәннен сезім, одан ақыл, ақылдан зерде жоғары, ал жан (рух) бәрінен жоғары, дейді Бһагавад Гита. Ақыл туралы буддизм дінінде де көп айтылып, оған ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ ислам, христиан және иудейзм діндерінде ақыл жайында ештеңе айтылмайды. Ал қазіргі материалистік ғылым да адам өміріне үлкен ықпал ететін қуат – ақыл туралы ештеңе білмейді, бұл бағытта ешқандай зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.

Ақыл дегеніміз не? Қарапайым халық арасындағы түсінікке назар аударсақ, ақыл – адамның айнала табиғатты, өмір сүрген ортаны, өз әрекетінің себебі мен нәтижесін, т.б. жайларды таразылап, адамға дұрыс бағыт-бағдарды анықтауға көмектесетін құбылыс ретінде айтылады. Шындығында, ақыл – бұл программа. Иә, кәдімгі компьютердің программасы сияқты. Бһагавад Гита мен Шримад Бһагаватам кітаптарында ақылдың қызметі мен адам өміріндегі орнына, табиғатына жан-жақты талдау жасалып, баяндалған.

Компьютерлік программаның міндеті компьютердің жұмысын қамтамасыз ету болса, ақыл адамның әрекетін қамтамасыз етеді. Ақыл адамды түрлі әрекетке құлшындырып, сондай әрекет жасауға ынталандырады. Бір сөзбен айтқанда, ақыл адам ғана емес, барша тіршілік иелерінің негізгі қозғаушы күші. Ақыл – бұл Жаратқанның қуаты, материалдық қуат.

Прочитать остальную часть записи »

Болашақ бүгіннен басталады

арманБүгінгі күні бір пайдалы іс істесеңіз, ол ертеңгі күні алдыңыздан игілік түрінде шығады. Яғни, сіз болашағыңызды бүгін жасайсыз. Егер уақытыңызды пайдалы іс жасамай бос өткізсеңіз, ертеңгі күніңізде алдыңыздан түрлі қиындықтар ұшыраспақ.
Сондықтан әр күніңізді пайдалы шаруаларды жүзеге асыруға арнаңыз. Осылайша сіз өзіңіздің жарқын болашағыңызды өз қолыңызбен жасайсыз.

Уақытын босқа өткізетіндердің жайы.

Адамдардың көбінің алтын уақыттарын өздеріне еш пайда әкелмейтін бостекі істермен өткізіп жататыны шындық. Жасы жетпістен асқан ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере-шөбере көріп отырған зейнеткер ақсақалдың күнұзақ аулада карта ойнайтынын көремін.
Жұмыс істемейтін ақсақалдың таза ауада уақыт өткізіп карта ойнайтындығында тұрған не бар деуге болады.

Прочитать остальную часть записи »

Рухани білім адамға не береді?

Мына фәни дүниеде кәдемізге жарайтын, бізді күнкөрістік табыспен қаматмасыз етіп, тірлігімізге қажетті нәрселерді жүзеге асыруымызға игі ықпалын тигізетін материалдық ғылымның керектігі көрініп тұрған шындық. Ал рухани ілім бізге не беретіндігін екінің бірі онша түйсіне қоймайды және оған жете мән де бермейді.
Шындығында, рухани білім, яғни дін ілімі біздің мәңгілік өмірдегі орнымызды табуымызға көмегін тигізбек. Біз ары кетсе, мына фәни жалғанда 70-80, тіпті 100 жыл жасайық, бәрібір ажалдан қашып құтыла алмаймыз. Ал ажалдан кейін біздің мәңгілік өміріміз басталады. Ол өмір қандай болмақ, онда бізді не күтіп тұруы мүмкін? Рухани ілім бізге осы маңызы зор мәселені түйсінуімізге көмектеседі.

Адамның екі түрлі табиғаты.

Мына фәни дүниені ведалық ілімде «екіұдай әлем» (двоиственный мир) деп атайды. Екіұдай болатын себебі, адамның бойында екі түрлі қуат бар: материалдық қуат және рухани қуат. Материалдық қуат көзге көрініп тұрған тәніміз және көзге көрінбейтін сезім, ақыл, зерде, түйсік сияқты нәзік тәніміз. Ал рухани қуат: көзге көрінбейтін және ешқандай материалдық құрал арқылы анықтауға болмайтын мәңгілік жан (рух).

Бір-біріне қарама-қайшы және табиғаты жағынан еш қабыспайтын осы екі қуат адамның бойында үстемдікке таласып, үнемі тартыста болады. Өзін тәнмін деп санайтын пенде материалдық қуаттың Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика