Сәтсіздіктің бәрі жеңіліс, сәттіліктің бәрі жеңіс емес. Қателіктерінен сабақ алған адам, жеңілісін жеңіске айналдырады. Роберт Киосаки сәтсіздіктерін өзіне жол көрсетіп, бағыт-бағдар берер ұстазым деп атауы тектен тек емес. Әрбір сәтсіздіктің астарында қателік тұратыны анық. Зерделі адам сәтсіздікке күйініп, болашақтан күдер үзбейді, керісінше сол сәтсіздіктің себебін түсінуге, сол арқылы қателігін айқындауға және болашақта ондайға жол бермеуге талпынады.
Байлық бақыт әкелмейді
Америкалық бір талдау орталығы лоторея билетінен аса ірі ұтысқа ие болған адамдардың жайын талдап көріпті. Сонда анықталғаны мынау: лотореядан миллиондаған доллар ұтқан «бақытты» жүз адамның 98-і бір жылдың ішінде бар байлығынан айрылып, бұрынғыдан да жаман жайға тап (далее…)
