Записи с меткой «сәтсіздік»

Сәтсіздігіңнен сабақ ал

мақсатСәтсіздіктің бәрі жеңіліс, сәттіліктің бәрі жеңіс емес. Қателіктерінен сабақ алған адам, жеңілісін жеңіске айналдырады. Роберт Киосаки сәтсіздіктерін өзіне жол көрсетіп, бағыт-бағдар берер ұстазым деп атауы тектен тек емес. Әрбір сәтсіздіктің астарында қателік тұратыны анық. Зерделі адам сәтсіздікке күйініп, болашақтан күдер үзбейді, керісінше сол сәтсіздіктің себебін түсінуге, сол арқылы қателігін айқындауға және болашақта ондайға жол бермеуге талпынады.

Байлық бақыт әкелмейді

Америкалық бір талдау орталығы лоторея билетінен аса ірі ұтысқа ие болған адамдардың жайын талдап көріпті. Сонда анықталғаны мынау: лотореядан миллиондаған доллар ұтқан «бақытты» жүз адамның 98-і бір жылдың ішінде бар байлығынан айрылып, бұрынғыдан да жаман жайға тап Прочитать остальную часть записи »

Сәтсіздік сіздің жауыңыз емес

Жеке басты жетілдіру немесе ақыл-ойды биік өлшемге көтеру бүгінде өмірде жақсы нәтижеге жетіп, бақытты болғысы келетін әрбір адамды бей-жай қалдырмайтын ғылым болып табылады. Жеке басты жетілдіру уақыт өткен сайын кең таралып, онымен айналысатындар қатары еселеп өсуде.
Мұның өзі бұл саланың жәй қияли ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде жүзеге асыру арқылы нақты нәтижеге жеткізетін ғылым екендігін айғақтай түседі. Билл Геитс, Уоррен Баффет сияқты қайыршыдан ханзадаға айналғандардың қол жеткен нәтижесі басқа кездейсоқ қонатын бақ құсы туралы ертегіні жоққа шығарады.

Сәтсіздік алдындағы қорқыныш – болашағыңызға балта шабады.

Табысқа жетудің кілті – нық сенім. Ойына алған мақсатының орындаларына сенген адамның мақсаты міндетті түрде жүзеге асады. Арман,-мақсатына жете алмай жүрген жандардың ең үлкен қателігі – сенімнің аздығы немесе жоқтығы. Мақсатқа жетуге деген нық сенімнің болуына кедергі жасайтын нәрсе – қорқыныш.
Белгілі инфобизнесмен, жеке басты жетілдіру бағытында көптеген кітаптар жазған Джо Витале қорқыныш екі түрлі сипатта көрініс береді дейді. Біріншісі – сәтсіздікке ұрынып қаламын-ау деген Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика