Posts Tagged ‘салауаттылық’

Жалған үміт

арақӨле өлгенше адаммен бірге болатын туа бітті қасиеттерінің бірі, бәлкім бірегейі – үміт. Үмітсіз сайтан ғана дейді. Адам баласы қандай қиын жағдайда да үмітін үзбейді. Қадам басқан сайын кездесетін қиындығы мен тауқыметі таусылмайтын мына фәниді адам баласына қызықты етіп көрсетіп, ауыртпалықтарды жеңуіне ынталандыратын құдірет те – үміт.

Жарға жығар жалған үміт.

Үміттің екі түрі бар: шынайы және жалған үміт. Шынайы үміт бастауын Жаратқаннан алса, жалған үміттің қайнар көзі – сайтан. Read the rest of this entry »

Дәрі-дәрмек ішу арқылы денсаулықты жақсартуға бола ма?

су құйынуӨзім тұратын Көкшетаудың «Бурабай» деп аталатын мөлтекауданында бес дәріхана, бір емхана мен екі дәрігерлік амбулатория бар. Емханалар мен ауруханалар, дәріханалар саны жыл сайын көбейіп барады. Бірақ соның бәріне қарамастан аурулар саны азаяр емес, керісінше қай уақытта барсаң да емханада иін тірескен кезек күткендерді көресің.

Дәрі-дәрмек ауруды жазбайды, тек уақытша тоқтатады

Бірде дәрілік шөптен жасалған фито шәй алайын деп дәріханаға кіре қалдым. Бірнеше адам кезекте тұр екен. Олардың әрқайссы бірнешеден дәрі-дәрмек сатып алды. Ал менің алдымда тұрған жас Read the rest of this entry »

Денсаулықты сақтаудың екі тәсілі

Бүгінде адамдардың арасында кең тарағын денсаулықты сақтаудың негізгі екі тәсілі бар. Ол – ауырған кезде емханаға барып дәрігерге көріну және дәрігердің жазып берген дәрісін сатып алып ішу, екіншісі – салауаттылықты ұстану, ұйқы мен тамақтану ережесін сақтап, дене жаттығуын жасау, бір сөзбен айтқанда денсаулықты күту.

Дәрімен аурудан айығуға бола ма?

Таяуда «миллионерше ойлау» атты өзін өзі жетілдіру курсының авторы Алекс Яновскиидің бір сабағын тыңдадым. Онда Яновскии  «дәрігер үшін науқас табыс түсіретін клиент, сондықтан дәрігер күнкөрісі үшін науқастың ауруынан түбегейлі жазылып кетуіне мүдделі емес» дегенді айтты. Дәрігерге  науқас адамның  бір дертінен жазылған соң екіншісімен ауырып, қайта-қайта келе беруі тиімді.

Қазақ «өлеңді жерде өгіз, өлімді жерде молда семіреді» дейді. Яғни, дәрігерге адамдардың неғұрлым көп ауырып, емханаға жиі баруы, дәріні күнде сатып алып ішуі тиімді. Міне, сондықтан да, денсаулықты сақтаудың алғашқы тәсілін ұстанғандар ешқашан ауруларынан толық айықпайды және олар емхананың тұрақты Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика