Записи с меткой «сенім»

«Секреттің» құпиясы

22«Секрет» фильмі бүгінде жұртшылыққа кең танылған бестселлерге айналды. Бұл фильмнің ерекшелігі сол, ол адамдардың өмірге деген көзқарастарын өзгертуге үлкен ықпалын тигізеді. Ресейде, әлемнің басқа да бірқатар елдерінде дәл осы «Секрет» фильмінің ықпалымен үлкен бір қозғалыс құрылып, жұмыс істуде. Бұл фильмнің құпиясы неде?

Адам өмірін өзгертетін фильм

Адамзат соңғы ғасырларда дін мен құдайды екінші орынға сырып тастап, ғылымды алға шығарды. Табиғаттың төл перзенті болып саналғанмен де, ғылыми ұстаным бойынша адам барша әлемнің әміршісі және Маркстің сөзімен айтқанда еңбек ету арқылы ол әлемді қайта жаңғыртуда. Дегенмен Прочитать остальную часть записи »

Сенім

мақсатДәстүрлі діндердің бәрінде сенім ең басты орын алады. Тіпті, діннің екінші атауының (вера) да сенім болғандығы тектен-тек емес сияқты. Ұстанған дініне беріктіктің негізі осы сенімде жатқандығы анық. Бхагавад Гитада күмәнданған пендеге екі дүниеде де игілік жоқтығы айтылады.
Сенімге қарама-қайшы күмән сайтанның қолындағы пенделерге қарсы қолданатын ең қауіпті құрал болса керек. Санасын күмән билеген адам жалтақ, қорқақ және әркімнің жетегіне ергіш әлжуаз болып келеді. Күмән адамды уайым-қайғының құрдымына құлатып, түрлі қателіктерге бой алдыруға мәжбүрлейді.

Сеніммен тау қопаруға болады

Ежелгі грек ойшылы Платонның «сеніммен тау қопаруға болады» деген сөзі бар. Шындығында нық сенім болған жерде аспайтын асу, бағындырмайтын биік болмайтынын дәлелдейтін жайлар өмірде көп кездеседі. Өткен жылы жазда Лондонда олимпиада өтті. Сонда ауыр атлетикадан жарысқа шыққан бір жерлесіміз осының алдында ғана өткен республика біріншілігінде еш қиналыссыз ойнап жүріп көтерген салмақты үшінші рет әзер бағындырып, соның салдарынан медальсыз қалды.

Прочитать остальную часть записи »

Нәтижеге жетудің құпиясы – сенім

Ежелгі грек ойшылы Платонның «сеніммен тауды қозғауға болады» деген сөзі бар. Сіз таудың етегіндегі тасты қозғай аларсыз, бірақ таудың өзін қозғайтын адам жоқ. Яғни, бұл сөздің мәні – сенім арқылы ақылға сиымсыз шаруаны да жасауға болады дегенді білдірсе керек.

Илья Ильиннің жеңісі.

Алматыда өткен ауыр атлетика біріншілігінде атақты штангашы Илья Ильин серпе көтеруден 242 келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартып қана қоймай, қарсыластарының бәрін сан соқтырып, чемпион атанды. Ильиннің бұл жеңісі туралы жазып отырған себебіміз – оның ақылға сиымсыз таңғажайып істі атқаруының сыры жайында ой бөлісу еді.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика