Ақиқат дегеніміз — бұлтартпас шындық. Мәселен, өлімді алып қарайық. Біз өзімізді ешқашан өлмейтіндей, мәңгі жасайтындай сезінеміз, бірақ соған қарамастан өлім дегеннің бар екендігін іштей түйсінеміз. Өйткені күн сайын бір танысымыз, туысымыз дүниеден өтіп жатады. Яғни, өлмейтін пенде жоқ, сонықтан түптің түбінде ажалдың бізге де келетіні анық.
Адамдардың көпшілігі көзге көрініп тұрған шындықты мойындағысы келмейді және олар бір сәттік аздаған пайдасы үшін ғана жалғандыққа бой алдырып жатады. Шындығында жалғандық бізге пайдалы сияқты сезілгенмен, түптің түбінде үлкен залалын тиізеді. Жалғандықты серік еткен адам екі дүниеде де игіліктен құралақан қалмақ.
Адамдар ақиқаттан неге жалтарады?
Бұрын қызмет еткен ұжыммен бірге жаңа жылды қарсы алдық. Сонда бір жігіт ұжым басшысына қарап «сіздің салған сара жолыңызбен, дана басшылығыңызбен ұжымымыз биіктен биіктерге көтеріліп келеді» деді. Ұжым ешқандай биікке көтерілмегендігін, басшының бойында жаңашыл (далее…)
