Записи с меткой «шындық»

Ақиқат пен жалғандықты ажырата біліңіз

Ақиқат дегеніміз — бұлтартпас шындық. Мәселен, өлімді алып қарайық. Біз өзімізді ешқашан өлмейтіндей, мәңгі жасайтындай сезінеміз, бірақ соған қарамастан өлім дегеннің бар екендігін іштей түйсінеміз. Өйткені күн сайын бір танысымыз, туысымыз дүниеден өтіп жатады. Яғни, өлмейтін пенде жоқ, сонықтан түптің түбінде ажалдың бізге де келетіні анық.

Адамдардың көпшілігі көзге көрініп тұрған шындықты мойындағысы келмейді және олар бір сәттік аздаған пайдасы үшін ғана жалғандыққа бой алдырып жатады. Шындығында жалғандық бізге пайдалы сияқты сезілгенмен, түптің түбінде үлкен залалын тиізеді. Жалғандықты серік еткен адам екі дүниеде де игіліктен құралақан қалмақ.

Адамдар ақиқаттан неге жалтарады?

Бұрын қызмет еткен ұжыммен бірге жаңа жылды қарсы алдық. Сонда бір жігіт ұжым басшысына қарап «сіздің салған сара жолыңызбен, дана басшылығыңызбен ұжымымыз биіктен биіктерге көтеріліп келеді» деді. Ұжым ешқандай биікке көтерілмегендігін, басшының бойында жаңашыл Прочитать остальную часть записи »

Шындықпен өмір сүру қиын, бірақ тиімді

Құранда шындықтың қасында жалғандық түкке тұрмайды деген аят бар. Жалғандық алғашында адамға игілік әкелетін сияқты сезілгенмен, түптің түбінде залалын тигізеді. Керісінше шындық адамды қолайсыз жағдайларға қалдырып, залалын тигізетін сияқты сезілгенмен, соңында игілік әкеледі.

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Адамдардың басым көпшілігі жалғандықпен өмір кешеді. Олар шындықты тек сөз жүзінде ғана қабылдап, іс жүзінде өтірікті өздеріне серік етеді. Неге? Өйткені, өтірік айту арқылы сол сәтінде өзіне игілік әкелетіндей көрінеді. Расында да жалғандық алашқы кезде адамдарға біраз игіліктерге қол жеткізуіне көмектеседі.

Біз теледидардан әбден ашынған адамдардың әлеуметтік мәселелерді шешуге ақпарат құралдары арқылы жұрттың назарын аударып жататынын жиі көреміз. Жалақысын айлап, Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика