Дәстүрлі діндердің бәрінде де діннің тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіретін ғылыми институттар бар. Ол христиан дінінде – исихазм, иудей дінінде – каббала, буддизмде – дзен буддизм, индуизмде – бһакти иога деп аталады. Ислам дінінде бұл міндетті сопылық мектебі мойнына алған.
Пайғамбарымыз дүниеден өткеннен кейін ислам дінінде түрлі қайшылықтар пайда болды. Алғашқы төрт халиф: Әзіреті Әбубәкір, Әзіреті Осман, Әзіреті Әли және Әзіреті Омар билік құрған тұста қайшылық өршіп, тіпті ол қарулы қақтығыстарға дейін барды.
Әзіреті Омар қайшылықтарды жою мақсатында оқымысты ғалымдарды жинап барша мұсылмандарға арналған жол – мәзхабты құрды. Бұл діни ұстанымдағы қайшылықтарды біршама тыйғанымен, бәрібір пікір қайшылықтары сақталып қалды. Дін исламның тазалығын сақтап, оны қарапайым жұртшылыққа түсіндіру, беделін көтеруді сол тұстан бастап сопылар мектебі мойнына алды.
Жаратқанға бастайтын жол.
Пірге қол тапсырып, Аллаға жеткізетін жолға түскен шәкірттің басты қаруы – медитация, яғни Алланың атын зікір ету болып табылады. Ертедегі сопылық мектептің бір ұстазының: «дауыстап қайталаған зікірден іштей қайталаған жүз есе артық, ал ойша қайталау іштей қайталғаннан жүз есе (далее…)

