Записи с меткой «стресс»

Медитация денсаулықты сақтауға көмектеседі

медитацияРэйки жүйесінде медитацияның алатын орны ерекше. Медитация – ақыл-ойды белгілі бір нысанға шоғырлау барлық дәстүрлі діндерде бар. Бүгінде ол медицинада, оның ішінде психотерапияда кеңінен қолданылады. Өйткені, медитация адам тәнін ғана емес, оның ішкі психикалық ахуалына тікелей әсер ететін тәсіл.

Тыныс алуды бақылау

Осыған байланысты, рэйки жүйесінде де медитация кеңінен қолданылады. Рэйки адам денсаулығын жақсартуға қызмет Прочитать остальную часть записи »

Стресстен арылудың сенімді жолы

ұзақ жасауБүгінде біз солардың қатарына жетсек деп армандап жүрген алдыңғы қатарлы дамыған елдердің азаматтарының маман психологтың көмегіне мұқтаждығы уақыт өткен сайын артып барады. Бұрын осындай бақуатты елдердің азаматтары отбасылық жеке дәрігер ұстайтын болса, енді әрбір адамның жеке психологы бар. Мұның себебі неде? Ең басты себеп, ғылыми-техникалық жағынан шарықтап дамыған бүгінге заман адамдардың алдынан түрлі қиындықтар мен кедергілер қоюда.

Психологтың қаншалықты көмегі бар?

Ғылыми жаңалықтар адам өмірін жеңілдетудің орнына онан әрі қиындатып, уақыт өткен сайын жаңа ауыртпалықтар әкелуде. Жұмыссыздық, әлсін-әлі әлемді тұқыртып кетіп отыратын қаржылық дағдарыстар, имансыздықтан туған адамдар арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі, ғылыми жетістіктерді пайдалану арқылы табиатпен байланыстың Прочитать остальную часть записи »

Стресстен құтылудың амалы – оны бақылып, басқаруды үйрену

Бүгінде стресс деп аталатын дерт адамзат үшін ең қатерлі және белең алған аурулардың бірі болып отыр. Оның белең алғандығы сонша, тіпті стресспен ауырмайтын пенде жоқ десе болады. Қазір стресс адамдардың күнделікті табиғи ахуалына айналып бара жатқандай. Осындай жағдайда адамдардың жүйкесін жұқартып, өмір алдымызға қойған кедергілердің алдында қауқарсыз ететін, ар-намысымыздың аяқ асты болып, тапталуына ұшырататын осы қатерлі дерттен толайым құтылу – барша жұрттың арманы екендігі анық.

Стрессті басқару.

Стресс туралы ілімнің негізін салушы Ганс Сельенің айтынша, стресс деген өлген адамдарда ғана болмайтын адамның табиғи ахуалы. Сондықтан да, стресстен қалай құтыламын деп оның жолын қарастырып уақыт өткізудің жөні жоқ. Ең дұрысы, стрессті өмірлік құбылыс ретінде Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика