Записи с меткой «су»

ҚАЗІРГІ ӨМІР ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Денсаулығымыздың  мықты болуы ұстанған өмір салтымызға байланысты болатынын екінің бірі ескере бермейді. Біз ойымызға алған шаруаларымызды ойдағыдай бітіріп, тірліктің ырғағынан қалып қоймауға үнемі тырысып жүреміз. Бұл жағдайда ескеретін ең бірінші мәселе – денсаулық. Өйткені,  күнделікті өмір ұсынып отырған шаруалардың бәрін денсаулық арқылы ғана жасауға болады.

Темекі шегу, алкогольді  ішімдіктерді  ішу, тамақтану режимін сақтамау, жүйкеге үнемі салмақ түсіру, артық салмақ, қозғалыстың аз болуы  — бұл факторлардың барлығы біздің денсаулығымызды ақырындап нашарлатып, түрлі аурулардың  белең алуына ұшыратады. Егер біз әлі де тәніміздің ұзақ жылдар қалыпты жұмыс істеуін қалайтын болсақ, онда салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі шарттарын  біліп, ескеруіміз маңызды.

Дұрыс тамақтану

 Тамақтанудағы маңызды мәселе, артық тамақтануға жол бермеу, бірақ сонымен бірге тәннің қуат жұмсауына қажетті калориямен қамтамасыз ету керек.  Ағзаның өмірлік маңызды қоректік заттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын тағамдық тепе-теңдікті сақтау.

 Төрт реттік тамақтану принципі әр уақытта аз мөлшерде тамақтануды қамтамасыз етеді. Ағзаға өмір сүруге қажетті биологиялық белсенді заттарды таңдауға мүмкіндік беретін нәрсе — тамақтанудың әртүрлілігі. Тамақтанудың биологиялық толықтығына да көңіл бөлген жөн. Мұнда бастысы-жаңа піскен, мүмкіндігінше шикі көкөністерді, жемістер мен шөптерді күнделікті, жүйелі тұтынуға назар аудару керек.

Прочитать остальную часть записи »

80 жыл бойы тамақ ішпеген адам

Индияда тұратын 89 жастағы Джани Прахлад 80 жылдан бері  тамақ ішпей өмір сүріп келеді. Ол, тіпті су да ішпейді. Бұлай болуы мүмкін бе? Қазіргі ғылым адамның сусыз, тамақсыз өмір сүретініне сенімсіздікпен қарайды. Соған орай, ғалымдар Джани Прахладты бірнеше мәрте арнайы зертханада тексеруден өткізген. Бірақ, үндістандық  тамақсыз өмір кешетін азамат өзінің шынында да ештеңе ішіп-жемейтінін іс жүзінде дәлелдеген.

Бұл қасиет пе, әлде табиғи құбылыс па?

Джани Прахладтың  айтуынша, 8-9 жасқа келген шағында түсіне  индуизм дінінде фәни жалғанның иесі болып табылатын Кали тәңірия кіріп, оның тіліне қолын тигізіп, баланың бойына ерекше қуат құйған. Міне, содан бастап ол тамақ ішіп-жемейтін болған. Қызығы сол, не су ішпейтін, не тамақ жемейтін ол басқа адамдар сияқты қалыпты өмір кешуде.

Гиннестің рекордтар кітабына енген Ангус Барбьери 382 күн тамақ ішпеген екен. Оның салмағы 207 келі тартқан. Ауыр салмақтан зардап шеккен жігіт артық салмағын тастап, қалыпқа түскісі келеді. Осылайша, ішіп-жеуден тыйылады. Тек аздап су ішіп, витамин қабылдайды. Ол дәрігерлердің қатаң бақылауында болады. Сөйтіп, 382 күндік ашығудан кейін артық салмақтан арылып, қалыпқа түседі.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика