Қазіргі ақша билеген нарық жағдайында шынын айтқанда бай-бақуатты болу адамдардың көбінің ең басты арманына айналып отыр. Өкінішке орай, байлыққа жету бүгінде қолында билігі барлардың немесе арларын ақшаға сатқан алаяқтардың ісі сияқты сезілуде. Өйткені қазір дәл сондайлар ғана байлыққа жетіп жатыр. Бірақ та, адал жолмен, адал еңбек ете жүріп те байлыққа жетуге болатынын ешкім теріске шығара алмайды. Напалеон Хилдің «Ойлан да байы» кітабынан сондай таза жолмен байлыққа жету амалдарын таба аласыздар.
Сенімсіз ой – өлі дүние іспетті
Сан ғасырлар бойы дінбасылары өздері ұсынған түрлі ұстанымдарға сенуді талап етіп келді, бірақ олар сенімді қалай табу қажеттігін түсіндірмеді. Сондай-ақ, бір де бір пенде: «Сенім – өзін өзі иландыру арқылы қол жететін сананың көрінісі» (далее…)
