Карл Маркс коммунизм идеясын жасаймын деп оңбай қателессе де, оның «адамды тұрмыс билейді» деген сөзінің ақиқаттығын өмір үнемі дәлелдеп келеді. Тұрмысы түзу адамның еңсесі биік, көңіл күйі көтеріңкі. Ал денсаулық ең алдымен көңіл күйге байланысты болатыны белгілі. Тұрмыстың нашарлығы көңіл күйге, сол арқылы денсаулыққа кері әсерін тигізетінін осыдан аңғаруға болады.
Украинаның шығысында қанды қырғын соғыс жүріп жатыр. Ашынған адамдар қолдарына қару алып, сайланған әскерге қарсы бастарын бәйгеге тігіп, шайқасуда. Неге? Өйткені, оларды биліктің қарапайым жұрттың тұрмыс жағдайын жақсартуға ешқандай әрекет етпейтін құрғақ саясаты әбден жалықтырған.
Алдымен тұрмыс жағдайыңды ойла, содан кейін тағы да тұрмысыңа көңіл бөл.
Бала кезде үлкендердің «нанды аяғыңның астына қойып, Құранды алуға болмайды, Құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады» деген сөздерін естігін едім. Оны кім айтты, қайдан шықты – белгісіз. Бірақ осы сөздің астырында үлкен ақиқат бар.
Қазақ «ораза, намаз тоқтықта» дейді. Яғни, ораза ұстап, намаз оқу үшін ең алдымен қарның тоқ (далее…)
