Адамның ең қатерлі жауы – қорқыныш. Қорқыныш адамды әлжуаз, әлсіз және қорғансыз етіп қояды. Қорқынышқа бой алдырған пенде жақсы мен жаманды, пайдалы, не залады нәрсені айырудан қалады. Сөйтіп ол қателік үстіне қателік жасап, аранын ашқан қатердің аузына өзі барып түседі. Қорқынышқа бой алдырмайтын батыл, өжет адамдар да бар. Дегенмен ондай жандар өте аз. Адамдардың көпшілігі аса қатерлі жаудың құрсауында тауқыметпен тірлік кешеді.
Қорқынышқа бой алдырған адамға екі дүниеде де бақыт жоқ
Бірқатар телеканалдар осыдан бірнеше жыл бұр Тайланд шығарған «Захват» деген фильмді көрсетті. Картинаның оқиға желісі мынадай. Бай кәсіпкер жаңа үйге қоныстанады. Екі қабатты үлкен вилла, бассайні, басқа да қажеттердің бәрі бар. Жаңа қонысқа келген күні кешкісін олардың (далее…)

