Записи с меткой «тұрақтылық»

Өзіңізді ешқашан қауіпсіз сезінбеңіз

кармаАдам дүние есігін ашқан сәттен бастап түрлі қауіп-қатер көлеңке сияқты өле өлгенше ізінен қалмайды. Біз өмірімізді қауіпсіз етеміз деп қанша талпынғанымызбен, бұл мәселені түбегейлі шешкен пенде тарихта болған емес және ешқашан болмайды да. Өйткені, мына фәни жалғанның айнымас табиғаты – үнемі пайда болып, дамып, жойылып өзгеріп отыру. Яғни, бұл жалғанда тұрақтылық жоқ.

Солон айтқан ақиқат

Ертеде қазіргі Алдыңғы Азия аймағында Лидия деген қуатты мемлекет өмір сүрген. Соның атақты патшасы Крез өз дәуірінде аса құдыретті және өте бай адам болыпты. Шалқыған бай Прочитать остальную часть записи »

Тұрақтылық – барша адамның арманы

ақылҚоғамдық, саяси, экономикалық тұрақтылық – бүгінгі адамдардың орындалмас қиял-арманы болып отыр. Биыл жыл басынан бері ғана ұлттық валютамыз – теңге әлденеше рет құнсызданып, тұрақтылық сақталады, бәрі дұрыс болады деген лауазым иелерінің айтқандарын түгел теріске шығарды. Қаржы-экономикалық тұрақсыздықты былай қойғанда, күн сайын заңдарымыз өзгеріп, толықтырылып жатады, министрлер мен әкімдердің жиі ауысатыны сонша, олардың аты-жөндерін халық біліп те үлгірмейді.

Тұрақтылық неге жоқ?

Өз басым осы өмірімде бірнеше реформаны бастан өткердім. Бала кезімізде Хрушевтың КСРО-ны түгел жүгерілендіріп, 1980-ші жылдары коммунизм орнатпақ болған реформасының шет жағасын Прочитать остальную часть записи »

Нәтижеге жетудің қарапайым тәсілі

Кез келген адам үшін ең маңызды мәселе – ойына алған ісі бойынша нақты нәтижеге жету. Нәтже дегеннің екінші мәні – мақсат. Біз ойымызға алған арман-мақсатымызға жету арқылы мына өмірде бақытқа бөленеміз деп ойлаймыз. Дегенмен, нәтижеге жету екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Адамдардың көбі өкінішке орай, ойларына алған мақсаттары орындалмаған соң, күдер үзіп, одан бас тартып жатады.

Нәтижеге жеткізер маңызды қадам.

Нәтижеге қалай жетуге болады деген сауалға жауап беру үшін терең білімді, данышпан болудың еш қажеті жоқ. Мен сізге ешкім, ешқашан теріске шығара алмайтын, қарапайым және еш мүлтіксіз жұмыс жасайтын тәсіл туралы айтқым келеді. Ол – тұрақты әрекет немесе қайталау деп аталады.
Өткен ғасырда атақты қазақ палуаны Қажымұқанмен қатар өмір сүрген және спорт әлемінде мәңгі атағын қалдырған Георг Лурих деген палуан атлет болған. Жаурыны жерге тимеген Лурих тек атлет қана емес, журналист, музыкант сияқты бір-біріне қабыспайтын бірнеше мамандықты да Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика