Записи с меткой «таңғажайып»
Адам тәнінің тылсым құпиялары
Адам ағзасы өзінше бір үлкен ғалам. Біздің тәніміз мүмкіндігінше зерттелген сияқты, бірақ та, көптеген айғақтар мен адам ағзасының таңғажайып жетістіктері әлі де ашылмаған көп мүмкіндіктердің бар екенін дәлелдейді.
Әрине, адамның мүмкіндіктері мол, бірақ ол шексіз бе? Біреу жылқыны қолымен тыпыр еткізбей ұстап тұра алады, енді біреу денеге көптеген темірді жабыстыра алады, біреу бірден санасында бірнеше көп таңбалы сандарды көбейтеді. Төтенше жағдайға тап болған адам кенеттен өзінің ерекше ішкі мүмкіндіктерін ашады деген түсінік бар және адам кенеттен өзгерген сана күйіне енеді екен. Бұл шекаралық жағдайда адам тонналаған ауыр салмақты көтере, терісін мықты сауытқа айналдыра, ыстық көмірдің үстімен жүре алады.
Қазіргі таңда адамның ерекше физикалық әлеуетін тек кездейсоқтықпен ғана емес, өз қалауынша пайдалану тәсілдері ашылуда. Бірақ мұндай өнерді жұрттың бәрі бірдей түсіне бермейді. Адамның жасырын мүмкіндіктерін ашудың мұндай әдістері арнайы орган қызметкерлерін дайындауда бұрыннан қолданылған. Адамның қиял-ғажайып қабілеттерін зерттеу үшін барлау агенттіктері планетаның шалғай түкпірлеріне экспедициялар жасады. Бақсылар мен сиқыршылар, олардың жұмбақ рәсімдері мен дуалары мұқият зерттеу объектісіне айналды. Айталық, вуду тайпасынан шыққан ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктері осындай таңғажайып зерттеу нысаны болды. ХХ ғасырдағы вуду сиқыры әлемнің жетекші елдерінің арнайы қызметтерінің мамандарының ең қалаулы «олжасына» айналды.
Прочитать остальную часть записи »Таңғажайып
Ғылым мен білім дамыған сайын ақылға симайтын таңғажайыптар қатары азайып, табиғаттың тылсым құпиясы түгел ашылады деп ойлаушы едік. Дегенмен, ғылым дамыған сайын адам ақылы жетпейтін таңғажайыптар қатары көбейген үстіне көбейіп барады.
Мұның өзі матреиалистік түсініктің терістігін тағы дай айғақтап, керісінше діни түсініктің ақиқаттығын дәлелдей түсуде.
Жын-перілердің баяны.
Қасиетті Құранда «жын» деген сүре бар. Пайғамбарымыз хадистерінде адамның көзіне көрінбейтін жын-пері дегендердің болатынын айтады. Қасиетті Құран мен пайғамбарымыздың сөзін жын-шәйтан дегенді көзімен көрган адамдардың Прочитать остальную часть записи »