Құранда «Оларға айт: жан туралы кем ілім берілді. Негізінен бұл Раббыңның әмірінен» деген аят бар. Қасиетті Құранда жан туралы өте аз айтылса, керісінше Бһагавад Гита кітабында жанның сипаты мен табиғаты жан-жақты және егжей-тегжейлі баяндалады.
«Жан еш уақытта тумайды, өлмейді, өткенде жаратылмаған, қазір де, болашақта да жаратылмайды, ешкімнен тумайды, мәңгі-бақи тіршілік етуші, әуел бастан бар және тән өлген кезде өлмейді» -дейді Бһагават Гита.
«Өмірге келген жан міндетті түрде өлімге ұшырайды және өлгеннен кейін қайтадан дүниеге келеді. Бұдан қашып құтылу мүмкін емес» -дейді аталмыш кітапта.
Тәни түсініктің негізі.
Әуел бастан бар және ешқашан өлмейтін жан мен өткінші, фәни жалғанның заңдарына сай жаратылып, содан кейін жойылып отыратын тәннің от пен су сияқты бір жерге симайтын табиғаты (далее…)

