Записи с меткой «тауқымет»

Жан туралы не білеміз?

тәубеҚұранда «Оларға айт: жан туралы кем ілім берілді. Негізінен бұл Раббыңның әмірінен» деген аят бар. Қасиетті Құранда жан туралы өте аз айтылса, керісінше Бһагавад Гита кітабында жанның сипаты мен табиғаты жан-жақты және егжей-тегжейлі баяндалады.
«Жан еш уақытта тумайды, өлмейді, өткенде жаратылмаған, қазір де, болашақта да жаратылмайды, ешкімнен тумайды, мәңгі-бақи тіршілік етуші, әуел бастан бар және тән өлген кезде өлмейді» -дейді Бһагават Гита.
«Өмірге келген жан міндетті түрде өлімге ұшырайды және өлгеннен кейін қайтадан дүниеге келеді. Бұдан қашып құтылу мүмкін емес» -дейді аталмыш кітапта.

Тәни түсініктің негізі.

Әуел бастан бар және ешқашан өлмейтін жан мен өткінші, фәни жалғанның заңдарына сай жаратылып, содан кейін жойылып отыратын тәннің от пен су сияқты бір жерге симайтын табиғаты Прочитать остальную часть записи »

Тағдыр туқыметі немесе өмірді өзгертуге бола ма?

арақБілімді адам кездескен қандай қиындықтан да шығар жол тауып, өмірін өзгерте алады. Ал білімсіз пенде бәрін тағдырға артып, құдай салды, біз көндікпен тауқыметті тірлік кешеді. Тағдыр біздің туған кезден бастап маңдайымызға жазылып қойылған, еш өзгертуге болмайтын тас сияқты қатып қалған жол емес. Жаратқанның қайрымдылығы сонда, ол пенделеріне әрдайым өз тағдырын, өмір жолын өзгертіп, игілікке, жақсылыққа кенелер жол табуына мүмкіндік береді.

Бұл тағдырдың жазуы ма?

Солтүстікте күн ерте суытады. Қыркүйектің ортасына қарай суық түсіп, күздің ызғары нық сезіле бастайды. Мен күнде таңертең өзім белгілеп алған бағытпен 30-40 минуттай таза ауада серуендеп Прочитать остальную часть записи »

Бақытсыздықтың басты көзі

Адамдардың бәрі ойларына алған арман-мақсаттарына жетіп, бақытты өмір сүргісі келеді. Дегенмен, өмір біз ойлағандай бола бермейді. Бақыт пен бақытсыздық күн мен түн сияқты үнемі алма-кезек ауысып, күтпеген жерден келіп, мазамызды алатыны бар. Егер біз өзімізге бақытсыздық, азап пен тауқымет әкелетін нәрсені жақсы білетін болсақ, одан бас тарту арқылы бақытсыздығымызды азайтар едік.

Шектен тыс байлану бақытсыздыққа бастайды

Адамдардың бәрі – әйтеуір бір сезім нысанына шектен тыс байланады. Осылай жасау арқылы олар шексіз бақыт табамыз деп үміттенеді. Бірақ өкініштісі сол, шектен тыс байланған әлгі сезім нысаны бақыт емес, көбіне бақытсыздық әкеліп жатады.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика