Записи с меткой «хадис»
Діндегі бұрмалаушылықтар қайдан шығады?
Саентология шіркеуі деген атпен көп елдерге таралған, дінге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, шындығында қалтаны қалыңдатуды басты мақсат еткен ұйымның негізін қалаған Рональд Хаббард деген жалған пайғамбар «байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген екен.
Жаңадан дін ойлап тапқан Хаббард миллионер болды. Құранда аяттарды арзан бағаға сатпаңдар деген аят бар. Дін атын жамылып, ақша табуды көздейтіндер Мұса пайғамбардың заманында да болған. Қазір де жетерлік және болашақта та бола беретін сыңайлы. Шындығында дінді бұрмалаушылық дәл сондай діни шарттардан пайдасы үшін бас тартатын немесе бұрмалайтын адамдардың тарапынан шыққандығы анық.
Сайтан санасын улағандардың әрекеті.
Қазақ «адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» дейді. Сайтан санасын улаған пенделер өздерін түзу жолдамыз, бәрін кереметтей етіп жасап жатырмыз деп ойлайды. Шындығында олардың теріс әрекеті өздеріне де, өзгелерге де еш пайда әкелмейді.
Фейсбуктегі бір топта өзін ислам дінінің білгірі санайтын біреу «хадис Құранға қайшы» деп жазды. Мен оған «Құран Алланың сөзі болса, хадис пайғамбардың сөзі, сонда ол Құранға қалай Прочитать остальную часть записи »