Бүгінде иога деген түсінік екінің біріне жақсы таныс. Иогамен айналысатын адамдар қатары да жетерлік. Дегенмен, өздерін иогпыз деп жүргендердің көбі иога дегеннің не екендігін жетік біле қоймайды. Олардың көбі бұл денсаулықты жақсартуға арналған дене жаттығулары деген сияқты түсінікпен шектелген. Шындығында, иога – бұл тек денсаулықты жақсартуға ғана көмектесіп қоймайды, оның ең басты қызметі Жаратқанмен арамыздағы байланысты қалпына келтіру.
Иоганың ең кең таралған классикалық үлгісі – сегіз сатылы иога
Бүгінде иоганың отаны саналатын индиялықтардың көбі сегіз сатылы иогамен айналысады. Екі мың жылдай бұрын өмір сүрген Шығыс ойшылы Патанджалидің «Иога сутра» кітабында иоганың бұл түрі туралы жан-жақты айтылған. Иоганың классикалық үлгісі саналатын сегіз сатылы иога (далее…)
