Posts Tagged ‘ысырапшылдық’

Ысырапшылықты Алла ұнатпайды

28Нарық қыспаққа алған қазіргі қоғамда адамдар әрбір тиынын тиімді пайдалануды үйреніп, ысырапшылдықтан аулақ болуы тиіс. Бірақ іс жүзінде жағдай бұлай емес. «Кедей байға, бай құдайға жетсем дейді» деген ысырапшылдықтан бәсеке атам заманнан бері үздіксіз жалғасып келеді.

Кредит алып той жасау

Жалғыз баспанасын кепілге қойып, банктен пәлен пайызбен несие алып, аста-төк той жасайтын әлемдегі жалғыз халық – қазақ шығар. Кеңес заманында үйлену тойы бір-ақ рет өтетін болса, қазір екі той жасалатын болды. Қыз жағы шашылып- Read the rest of this entry »

Байлықтың бір дұшпаны – ысырапшылдық

Қазақ «Тарта жесең тай қалады, тоя жесең түйе де қалмайды» дейді. Қасиетті Құранда «Алла ысырапшылдықты ұнатпайды» деген аят бар. Хакім Абай «өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз» деп бекер мал шашуды, яғни ысырапшылдықты бес дұшпанның бірі деп санайды. Абайдан сәл кейініректеу өмір кешкен паң Нұрмағамбет деген бай қазақтың әкесі Сағынайға берген асы сол кездегі нағыз ысырапшылдықтың керемет үлгісі болғандығы жайында жазушы Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романында жан-жақты жазылады. Сонша ысырыпшылдықты көріп, шыдай алмаған ояздың әйелі: «Осыншама малды текке шашқанша, әкеңіздің басына бір үлкен айшықты кесене орнатсаңыз, тарихта қалар еді ғой» дейді. Оған паң Нұрмағамбет: «қазақ бар байлығын бір рет төгіп-шашып той жасау үшін жинайды» деп шірене жауап береді.

Кредит алып той жасайтын қазақ

Бүгінде өкінішке орай қазақтардың басым көпшілігі ұлы Абайдың ысырапшылдықты бес дұшпанның бірі деп бағалаған өнегелі сөзін емес, керісінше, паң Нұрмағамбеттің «қазақ малын бір рет төгіп-шашып той жасау үшін жинайды» дегенін берік ұстаным етіп алған сыңайлы. Үйлерін кепілге қойып, пәлен пайыз өсіммен, ондаған жылға кредит алып той жасайтын Read the rest of this entry »

Қиындық жауыңыз емес

Адамдардың көбі қиындықтан қорқады. Олар өмір жолым тақтайдай тегіс, жеңіл болса, ойлаған арман-мақсаттарымның бәрі жедел және оңай орындалса деп тілейді. Шындығында жеңіл жолмен келген игіліктің берекесі болмайды және қиындық адамды шыңдап, өмірге бейімделуге көмегін тигізеді. Яғни, қиындық жауымыз емес, керісінше досымыз.

Қиындықпен келген дүние берекелі болады.

Ертеде бір бай кісі өмір сүріпті. Ол қайтыс боларында жалғыз ұлын шақырып алып, мынадай өсиет айтады: «қала сайын үй сал, жұма сайын қатын ал, ас жесең, бал же». Баласы әкесін жерлеп, одан қалған мол дүниеге ие болады.
Ол әкесінің өсиетін айнытпай орындайды. Қала сайын үй салады, жұма сайын үйленеді және не ішіп-жесе де бал араластырып тамақтанады. Содан көп ұзамай мол дәулет сарқылып, кедейленеді. Бар байлығынан айрылып, қатты жүдеген әлгі жігіт бірде көшеде мұңайып отырады.
Сол кезде оның жанына келіп отырған бір қария «аяқ-қолың бүтін, денің сау жап-жас жігітсің, неге осынша мұңаясың» деп сұрайды. Сонда ол басынан кешкен жайын баяндап береді. Мұны естіген қария «Әттеген-ай, Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика