Posts Tagged ‘жұмыс’

Жұмыссыздық тауқыметін тартпаймын десеңіз

сурет1Барша әлемді қамтыған экономикалық дағдарыс Қазақстанға да жетті. Төл валюта – теңгеміздің құнсыздануы адамдардың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне үлкен әсерін тигізуде. Сарапшылардың дерегіне қарағанда жыл соңына дейін жеке меншік кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 4,5 мың адам қысқартылмақ. Яғни, болашақта жұмыссыздық деп аталатын кесапаттың көп адамдарға қиындық әкелетін түрі бар.

Интернетте жұмыс көп

Бір жылдан бері жұмыссыз үйінде отырған бір танысым барлық жерде қысқарту жүріп, жұмыс табудың мүлдем қиындап кеткенін айтты. Әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін жұмыссыз қалудың үлкен қиындық әкелетіні даусыз. Мұндай жағдайда не істеу қажет?

Өз компаниясын құрып бүгінде миллионерге айналған Дэвид Вуд деген американдықтың өз өмірі жайында түсірілген видеосын көрдім. Ол жұмыссыздықтың зардабын тартып, әбден титықтайды. Read the rest of this entry »

Нәтижеге жетудің құпиясы

Адамдардың басым көпшілігі, тіпті бәрі дерлік жұмысты тек нәтижесі үшін жасайды. Олар жұмысты қолға аларда, оны орындап жатқан кезде сол істі атқару оған қанша игілік әкелетінін, яғни нәтижесін ойлаумен болады. Өкінішке орай, біз істің нәтижесін ойлап, соған жетуді қанша армандасақ та, іс жүзінде нәтиже біз күткендегідей болмай жатады.

Нәтижеге жетуге не кедергі?

Кез келген шаруаны қолына алған адам ең алдымен сол арқылы қандай пайда табатынын ойлайды. Ойын сол жұмыстың нәтижесіне шоғырлаған пенде өзі атқарып жатқан жұмыстың өзін онша ойлай қоймайды. Жан-жағыңызға зер салып қараңызшы, тіпті көлік рулінде отырған жүргізушінің өзі әлденені ойлап отырады. Біз жүріп келе жатып, тамақ ішіп отырып, түрлі жұмыстарды жасап жатқан кезде – үнемі сол іске мүлдем қатысы жоқ жайлар туралы ойлап жүреміз.
Медитациямен немесе иогамен айналысатындарда «самадхи» деген түсінік бар. Самадхи – бұл иогтың ақыл-ойын шоғырлаған нысанға бар назарын аударуы арқылы соған толық енуі. Самадхи деңгейіне жету арқылы адам ақиқатты таниды деген түсінік бар. Яғни, сіз бірдеңе жайлы тереңірек білгіңіз келсе, сол нысанға ақыл-ойыңызды барынша шоғырлап, ол жайындағы ақпараттарға бар зейініңізбен назар аударуыңыз шарт.
Егер сіз бір жұмысты жасап жатқан кезде басқа нәрсе туралы ойлап отырсаңыз, жұмысыңыздың сапасына бұл Read the rest of this entry »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика