Записи с меткой «жүрек»

Жан туралы не білеміз?

Ақиқатты білу арқылы адам нендей игілік табады? Ең алдымен сіз өзіңізге шынайы бақыт және игілік әкелетін дұрыс жолды таңдайтын боласыз. Дұрыс жолға түскен адамның жетер жеріне жететіні анық. Ал ақиқатты білмеген жан теріс жолға түсіп, әу бастан адасады, сөйтіп игілікке де, бақытқа да ешқашан жете алмайды. Ақиқат дегеніміз не? Ол жан мен тән туралы толымды білім және түсінік.

Өткінші тәнге байлану опық жегізеді

Адамның ең үлкен қателігі – өзін тәнмін деп санап, соған орай тіршілік ететіндігі. Адамның бар бақытсыздығы мен өмірде тататын азабы мен тауқыметінің бірден-бір қайнар көзі – осы қате түсінікте жатыр. Неге дейсіз бе? Оған көзіңізді жеткізу онша қиын емес.

Тәнге не қажет? Тән белгілі бір температурада өмір сүруді қалайды, оған киім, тамақ, ұйқы қажет. Осыны қамтамасыз ету үшін сізге үй, азық-түлік, жататын жайлы төсек пен сәнді жиһаз керек. Оның бәрін алу үшін жұмыс істеп, ақша табуға тиіс боласыз.

Прочитать остальную часть записи »

Рухани даму үшін білім қажет

Сіз қай жолды таңдап, рухани дамуға қол жеткіземіз десеңіз де, бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен білім қажеттігін ескеруіңіз шарт. Білімсіз жасаған тағат ибадаттарыңыздың бәрі желге ұшып, сізге көк тиын пайда әкелмейді. Керісінше, ондай діни парыздарды орындау арқылы апарадха, яғни дінді қорлауға жол беріп, күнәға белшеңізден батасыз.

Кез келген фәни әрекетті жасау үшін білімнің қажеттігін ешкім теріске шығармайды. Мысалы, өзеннен өтетін көпір салу қажет болды делік. Ол көпірді оның құрылысынан хабары жоқ біреу салатын болса, құрылыс барысында қателіктерге бой алдырып, ертең құлап қалуы, тіпті апатқа ұшырап, адамдар жазым болуы мүмкін. Сондықтан көпір құрылысын салуға осы саланың білікті маманы тартылуы қажет. Сол сияқты дінде де білімсіз алға жылжу еш мүмкін емес.

Атақты ғалым Альберт Эйнштейн «Ғылымсыз дін – соқыр, дінсіз ғылым – ақсақ» деген екен. Ғылым мен дін біріккенде ғана нағыз білім келеді. Қазір өкініштісі сол, ғылым бір бөлек, дін бір бөлек. Бұдан ғылым да, дін де ұтып отырған жоқ, керісінше біреуі ақсақ, екіншісі соқырға айналып, мүгедек хал кешуде.

Ислам діні алғаш орныққан кезде ғылыммен бір болды және сол тұста ислам адамзат өркениетін дамытуға елеулі үлес қосқан көптеген ғалымдарды шығарды. Екінші ұстаз атанған Әбунәсір Әл Фарабидің ғылыми трактаттарында Аллаға сыйынушылық жиі кездеседі. Фараби мықты ғалым ғана емес, жүрегіне иман ұялаған мұсылман да болды. Өкінішке орай, кейін келе ислам діні ғылымнан бөлектеніп, соның нәтижесінде соқыр фанатизм үстемдік алды. Бүгінде мешіттерде айтылатын уағыздарды тыңдасаңыз, «Пайғамбарымыз былай деген екен, сахабалар бүйткен екен» деген ертегі, аңыз түрінде болып келеді. Бұдан үлгі-өнеге алуға болар, бірақ ол ешқандай да білім бермейді.

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика