Записи с меткой «жұмыс»

Өткенді ойлаған адам өшеді, болашақты ойлаған адам өседі

Жасы жерортадан ауған адамдардың басым көпшілігі өткен шақтарын көп ойлап, сол кездер қайта айналып келсе деген арман-қиялмен өмір кешеді.  Әдетте ондай адамдар өмірде биік нәтижелерге қол жеткізбеген, яғни жолы болмаған жандар болып келеді.  Олар үшін бар жақсылық, бақыт – өткен өмірінде қалып қойған. Бұндай көзқарасты ұстанған жанды  өз болашағына өзі балта шапқан адам деп айтсақ, шындықтан алыс кетпейміз.

Өткенді аңсау құрдымға құлатады

Әлсіз адамдар әдетте «баяғыда өйткен едім, бүйткен едім» деп өткен өмірінде қол жеткен жетістіктерін үнемі тамсанып  еске алып отырады. Ондай пенденің қазір айналасынадғы жұртқа көрсететін жақсы істері мен жетістіктері, қабылет-дарыны жоқ. Сондықтан, өзін жұрттан төмен түсірмей, өзгелерге көрсету үшін жасайтын жалғыз айласы – өткен өмірінде қол жеткен жетістіктерін еске алу болып қалады.

Егер сіз осындай адамдар тобына жататын болсаңыз, онда болашағыңызды өз қолыңызбен жойып жатқан болып шығасыз. Оның мәнін ұғыну үшін мынадай мысалға назар аударайық. Екі көрші болды. Олардың есік алдында бақшасы бар еді. Жалқау көрші жерін өңдемеді, ешнәрсе екпеді, жанын бағып ұйқымен уақыт өткізді. Ал екінші көрші бақшасына картоп, көкөніс егіп, ала жаздай суарып, арам шөбін жұлып күтті. Күзде жалқау көрші бақшасынан қаулаған арамшөптен басқа ештеңе таппады, ал еңбекқор көрші қап-қап  картоп қазып алып, көкөніс жинады. Бұны кездейсоқтық, басқа бақыттың қонуы деп айтуға болмайды, бұл таза еңбекпен келген нәтиже.

Прочитать остальную часть записи »

ҚАЗІРГІ ӨМІР ЖАҒДАЙЫНДА ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Денсаулығымыздың  мықты болуы ұстанған өмір салтымызға байланысты болатынын екінің бірі ескере бермейді. Біз ойымызға алған шаруаларымызды ойдағыдай бітіріп, тірліктің ырғағынан қалып қоймауға үнемі тырысып жүреміз. Бұл жағдайда ескеретін ең бірінші мәселе – денсаулық. Өйткені,  күнделікті өмір ұсынып отырған шаруалардың бәрін денсаулық арқылы ғана жасауға болады.

Темекі шегу, алкогольді  ішімдіктерді  ішу, тамақтану режимін сақтамау, жүйкеге үнемі салмақ түсіру, артық салмақ, қозғалыстың аз болуы  — бұл факторлардың барлығы біздің денсаулығымызды ақырындап нашарлатып, түрлі аурулардың  белең алуына ұшыратады. Егер біз әлі де тәніміздің ұзақ жылдар қалыпты жұмыс істеуін қалайтын болсақ, онда салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі шарттарын  біліп, ескеруіміз маңызды.

Дұрыс тамақтану

 Тамақтанудағы маңызды мәселе, артық тамақтануға жол бермеу, бірақ сонымен бірге тәннің қуат жұмсауына қажетті калориямен қамтамасыз ету керек.  Ағзаның өмірлік маңызды қоректік заттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын тағамдық тепе-теңдікті сақтау.

 Төрт реттік тамақтану принципі әр уақытта аз мөлшерде тамақтануды қамтамасыз етеді. Ағзаға өмір сүруге қажетті биологиялық белсенді заттарды таңдауға мүмкіндік беретін нәрсе — тамақтанудың әртүрлілігі. Тамақтанудың биологиялық толықтығына да көңіл бөлген жөн. Мұнда бастысы-жаңа піскен, мүмкіндігінше шикі көкөністерді, жемістер мен шөптерді күнделікті, жүйелі тұтынуға назар аудару керек.

Прочитать остальную часть записи »

Жұмыссыздық тауқыметін тартпаймын десеңіз

сурет1Барша әлемді қамтыған экономикалық дағдарыс Қазақстанға да жетті. Төл валюта — теңгеміздің құнсыздануы адамдардың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне үлкен әсерін тигізуде. Сарапшылардың дерегіне қарағанда жыл соңына дейін жеке меншік кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 4,5 мың адам қысқартылмақ. Яғни, болашақта жұмыссыздық деп аталатын кесапаттың көп адамдарға қиындық әкелетін түрі бар.

Интернетте жұмыс көп

Бір жылдан бері жұмыссыз үйінде отырған бір танысым барлық жерде қысқарту жүріп, жұмыс табудың мүлдем қиындап кеткенін айтты. Әсіресе, жасы ұлғайған адамдар үшін жұмыссыз қалудың үлкен қиындық әкелетіні даусыз. Мұндай жағдайда не істеу қажет?

Өз компаниясын құрып бүгінде миллионерге айналған Дэвид Вуд деген американдықтың өз өмірі жайында түсірілген видеосын көрдім. Ол жұмыссыздықтың зардабын тартып, әбден титықтайды. Прочитать остальную часть записи »

Нәтижеге жетудің құпиясы

Адамдардың басым көпшілігі, тіпті бәрі дерлік жұмысты тек нәтижесі үшін жасайды. Олар жұмысты қолға аларда, оны орындап жатқан кезде сол істі атқару оған қанша игілік әкелетінін, яғни нәтижесін ойлаумен болады. Өкінішке орай, біз істің нәтижесін ойлап, соған жетуді қанша армандасақ та, іс жүзінде нәтиже біз күткендегідей болмай жатады.

Нәтижеге жетуге не кедергі?

Кез келген шаруаны қолына алған адам ең алдымен сол арқылы қандай пайда табатынын ойлайды. Ойын сол жұмыстың нәтижесіне шоғырлаған пенде өзі атқарып жатқан жұмыстың өзін онша ойлай қоймайды. Жан-жағыңызға зер салып қараңызшы, тіпті көлік рулінде отырған жүргізушінің өзі әлденені ойлап отырады. Біз жүріп келе жатып, тамақ ішіп отырып, түрлі жұмыстарды жасап жатқан кезде – үнемі сол іске мүлдем қатысы жоқ жайлар туралы ойлап жүреміз.
Медитациямен немесе иогамен айналысатындарда «самадхи» деген түсінік бар. Самадхи – бұл иогтың ақыл-ойын шоғырлаған нысанға бар назарын аударуы арқылы соған толық енуі. Самадхи деңгейіне жету арқылы адам ақиқатты таниды деген түсінік бар. Яғни, сіз бірдеңе жайлы тереңірек білгіңіз келсе, сол нысанға ақыл-ойыңызды барынша шоғырлап, ол жайындағы ақпараттарға бар зейініңізбен назар аударуыңыз шарт.
Егер сіз бір жұмысты жасап жатқан кезде басқа нәрсе туралы ойлап отырсаңыз, жұмысыңыздың сапасына бұл Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика