Записи с меткой «жақсы мен жаман»

Жақсы болсам өзімнен, жаман болсам өзімнен

Адамның жақсы, не жаман болмағы өзіне, өзінің ұстанымы мен көзқарасына байланысты қалыптасады. Бір қарағанда жақсы болып өмір сүру ауыр және қолайсыз сияқты сезілгенмен, шындығында жақсылықты серік еткен жан екі дүниеде де игілікке кенеледі. Керісінше, жаман жолды, яғни арамдық пен қулық-сұмдықты таңдаған адам екі дүниеде де қиындыққа ұшырайды. Бұл – Алланың айнымас заңы. Өкінішке орай, Алланың өзін де, заңын да білмейтін пенделер өздеріне өздері қастық қылып, қиындықтарға тап болып жатады.

Жүз жылдық жалғыздық.

Колумбиялық жазушы, халықаралық нобелдік сыйлықтың лауераты Габриел Гарсие Маркестің осындай романы бар. Ол дәл осы шығармасы үшін нобелдік сыйлық алыпты. Роман 80-ші жылдардың ортасында қазақ тілінде баспадан шықты. Атақты жазушының атақты кітабын оқып шыққанда мен оның бұл кітап үшін неліктен нобелдік сыйлық алғанын алғашында түсіне алмадым.

Кітап бастан-аяқ жалпақ тілмен айтқанда анайы жыныс жақындығын жеріне жеткізе баяндайды. Туған ағасы мен қарындасының жақындасуы, жезөкшелік – әйтеуір секстің түр-түрі Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика