Мен сізге тылсым ілімнің есігін ашпақпын. Ол сізге не береді? Сіз ақиқатты танып, білетін боласыз және сол арқылы азап пен тауқыметтен көз ашырмайтын бос әурешіліктен құтыласыз. Әрине, егер ол ақиқатты қабылдап, соны жүзеге асыруға ниеттенсеңіз. Ал олай болмаған жағдайда, ешқашан игілікке жеткізбейтін шөл даладағы сағымды су-теңіз деп өкпесі өшкенше жүгіретін киік сияқты күй кешесіз.
Өмірге көзілдіріксіз қараңыз
Адамдардың 99,9 пайызы мына фәни дүниеге түрлі түсті көзілдірік арқылы қарайды. Соған орай, оларға жалған дүние түрлі түсті, өте әдемі және тартымды болып көрінеді. Көзілдірік арқылы көрінген елеске еліккендер жалған дүниеден жоқ бақытты іздеп, аласұрумен күн өткізеді.
Жалған дүниенедегі бақыт деген не? Соған назар аударып көрелік. Ең алдымен, ол ер адам мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы. Шындығында, мына фәни еркектер мен әйелдердің (далее…)



