Записи с меткой «жалған дүние»

Тылсым ілім

білімМен сізге тылсым ілімнің есігін ашпақпын. Ол сізге не береді? Сіз ақиқатты танып, білетін боласыз және сол арқылы азап пен тауқыметтен көз ашырмайтын бос әурешіліктен құтыласыз. Әрине, егер ол ақиқатты қабылдап, соны жүзеге асыруға ниеттенсеңіз. Ал олай болмаған жағдайда, ешқашан игілікке жеткізбейтін шөл даладағы сағымды су-теңіз деп өкпесі өшкенше жүгіретін киік сияқты күй кешесіз.

Өмірге көзілдіріксіз қараңыз

Адамдардың 99,9 пайызы мына фәни дүниеге түрлі түсті көзілдірік арқылы қарайды. Соған орай, оларға жалған дүние түрлі түсті, өте әдемі және тартымды болып көрінеді. Көзілдірік арқылы көрінген елеске еліккендер жалған дүниеден жоқ бақытты іздеп, аласұрумен күн өткізеді.
Жалған дүниенедегі бақыт деген не? Соған назар аударып көрелік. Ең алдымен, ол ер адам мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы. Шындығында, мына фәни еркектер мен әйелдердің Прочитать остальную часть записи »

Өткінші, жалған дүние

ажалМына фәни жалғанда бәрі өткінші екенін білу, түйсіну үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ. Біз мына дүниеде бес күнгі қонақ сияқтымыз. Қонақ аунап-қунап бірнеше күн туыстарының, достарының үйінде жатады, содан кейін қош айтысып, өз үйіне қайтады. Сол сияқты мына дүниеде барлық адамдар уақытша тірлік кешіп жатыр. Олардың қол жеткен жетістіктері, жиған-терген дүниесі мен бала-шағасы, ақырсында өмірі — бәрі де УАҚЫТША.

Кешегі премьер-министр, бүгін…

Кеше бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың соты басталды. Күні кеше оққағарлары жан-жақтан қорғап, әкім-қаралар жалбалақтап құрақ ұша қарсы алатын лауазым иесі бүгін ешкімнің қошемет-қолдауынсыз сот залына келіп, көпшіліктің арасында отырды. Жемқорлық жасап, ірі көлемде пара алды деген айып тағылған экс премьердің қазіргі ахуалы мына жалғанның өткінші екендігін көзге шыққан сүйелдей анық дәлелдеп тұрғандай.

Прочитать остальную часть записи »

Дүние жалған

«Арман-ай, өтеді дүние, жалған-ай» деген өлең жолдырының астарында ащы ақиқат бар. Бірақ та, сол ақиқатты әнді тыңдаушылардың көбі онша елеп ескере қоймайды. Мына дүниеде нендей дәрежеге, игілікке қол жеткізбейік, бәрі де өткінші, жалған екендігін жүрегімен терең сезіну арқылы ғана адам өмірдегі ең үлкен қателік – АДАСУДАН аман болады.

Адасқанның алды жөн, арты соқпақ

Адасқан адамның ақыл-естен айрылатыны сонша, ол дұрыс жолмен жүріп барамын деп алған бетінен қасарысып ешқашан қайтпайды. Өмірдің жалғандығын түйсінбейтін пенделер де сол адасқан адам сияқты теріс бағытпен жүргендігін түйсінбей, бақытқа бастар жолға түстім деген жаңсақ ұғыммен бар өмірін өткізеді.

Прочитать остальную часть записи »

Жалған дүниенің баяны

Ертеде ел кезіп, қайыр сұраумен күн кешкен дәруіш өмір сүріпті. Ол үнемі Алланың атын зікір етіп, Жаратқанды есіне алып жүретін. Мына жалған дүниенің қызығын баз кешкен тақуа дәруіш күндердің күнінде бір бай саудагердің сарайына келді. Алыс жолдан қатты қалжыраған дәруіш аш еді.

Сәулетті сарайдың алдындағы бақшада мамық төсекте маужырап жатқан саудагерді қызметшісі желпуішпен желпіп тұр. Аш дәруіш бай үйден өзегін жалғар бірдеңе табылар деген үмітпен саудагерге жақындап келіп Алланың атын айтып сәлем берді. Көзін сығырайта ашып, оған тәкаппарлана қараған бай мезіреті етіп сәлемін де алмады. Бірақ дорба асынған сақалы желбіреген дәруішке қарап, бәлкім бұл тылсым ілімді меңгерген әулие шығар, онда мен бұдан болашағымды сұрап көрсем қайтеді деген ой келді.

Байлық адамның ақылын тұмандандырады.

Ол басын көтеріп, мамық жастыққа шынтақтай жатты. Содан кейін дәруішке қарап, «байқаймын сен құдай жолында жүрген тақуа адам сияқтысың» деді.

-Иә, мәртебелім, бар өмірімді Жаратқанға құлшылық етуге бағыштаумен келемін, -деді дәруіш.

Прочитать остальную часть записи »

Жалған дүние баяны

Мына дүниеде біз қандай байлыққа, атақ-даңқ пен игілікке қол жеткізбейік, күндердің күнінде бәрінен жұрдай болып айрыламыз. Бұл – ақиқат. Өкінішке орай, адамдардың 99 пайызы осы ақиқатты білмейді және білгілері келмейді. Күні кеше Австрияның түрмесінде ҚР Президентінің бұрынғы күйеубаласы, бұрынғы ҰҚК бастығының орынбасары, генерал, миллионер Рахат Әлиев өмірден өтті. Ауырып, болмаса басқа бақытсыз жағдайдан өлсе ештеңе емес, өзіне өзі қол салған деседі. Ғаламторда осылай жазды.

Семіздікті қой ғана көтереді.

Генерал формасын киіп, үлкен қызмет тұтқасын ұстаған, үлкен адамның туысы, бай-олигарх Рахат Әлиевке кезінде көп адамдар қызыға және қызғана қарағаны белгілі. Олардың бәрі «шіркін, біз де осындай болсақ» деп іштей күрсіне армандайтын. Міне, сондай «бақыттың ең биік шыңына» көтерілген адамның абақтыға қамалып, ақырсында өзін өзі өлтіруі – фәни Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика