Бір ғұламаның «Ауыр істі жеңілге, жеңілді әдетке, әдетті жағымды іске айналдыр» деген сөзі бар. Шынында да, алғашында ауыр болып көрінген істің уақыт өте келе жеңіл тартатыны, одан кейін ақырындап әдетке айналатыны, ақыр соңында сол істен үлкен рахат табатыны айналамызға зер сала қарар болсақ, көзбен көріп, куәсі болатынымыз анық.
Ұзақ жасаудың құпиясы
Осыдан бірнеше жыл бұрын бүгінде жасы 86-ға келген Бекболат Сәдуақасов деген ақсақалдан сұхбат алдым. Салауатты өмір салтын ұстанатын ақсақал күн сайын бір жарым сағаттай дене жаттығуын жасап, жүгіреді екен. Ол қолын алдына ұстап 500 рет отырып, тұрады, иығына 24 келілік гирді қойып, жүз рет отырып тұрады. Күніне ондаған шақырым жүгіреді.
(далее…)

