Жауапкершілік деген – орындалуға тиісті міндет. Егер сіз мойныңызға бір жауапкершілік алдыңыз екен, оны орындауыңыз қажет болады. Ал орындамаған жағдайда моральдық немесе материалдық, тіпті заң алдында жауапкершілікке тартыласыз.
Бүгінде жауапкершілікті сезінбейтін, оны мойындамайтын, одан қасақана бас тартатын адамдар көбейді. Мәселен, өздері дүниеге әкелген баласы мен әйелін қаңғытқаны өз алдына, алимент ретінде төленетін ақшаны да төлемейтін «әкелер», мойнына алған қызметтік міндетін дұрыс орындамайтын, соның салдарынан қарамағындағы адамдарға түрлі қолайсыздықтар әкелетін басшылар көп.
Жауапкершіліктен бас тартудың салдары.
Бір алпауыт бизнесменнің «бұл дүниеде бәрі сатылады» деген сөзі бар. Осы сөздің астыраны үңілер болсақ, шынында да бәрі сатылатындығын бағамдаймыз. Егер сіз фәни жалғанның бір (далее…)


