Бір ауыз сөзбен адамды бақытты етуге де, көңілін қалдырып, мәңгі жау етуге де болады. Ұлы Абай «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп текке айтпаған. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі сөздің осы құдіретін жете түсінбей, өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізіп жатады.
Аз сөз алтын
Қазақта «аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген сөз бар. Көп сөйлеген адамның ішінде сыр қалмайды. Ол ішек-қарнына дейін өзгелерге көрініп тұратын рентген аппаратына түсірілген адам сияқты. Бақа күн ұзақ бақылдайды. Оның даусын естіген жылан жақын келіп, бақылдаған бейшараны жұта салады. Сөйтіп бақа бақылдау арқылы өзіне ажал шақырады.
Сол сияқты адамдардың көбі ауыз жаппай көп сөйлейді және сөздерінің мәні жоқ не болса, соны айтады. Сөйлеуге де адам қуат жұмсайды. Яғни, көп сөйлеген пенде қуатының көбін бостекі сөзге (далее…)
