Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған қанды оиға сол тұста халық арасында үлкен пікір туғызған еді. 16 жастағы бозбала Шерзат Полатты бір топ ересек азаматтар жабыла сабап, пышақтап өлтірген. Және бұл оқиға оның әкесі мен туыс таныстарының көз алдында болған. Сол тұста әлеуметтік желілерде бозбаланы өлтіргендер  хуторлықтар деп аталатын банданың мүшелері екен деген әңгіме тарады. Көпшілік пікірінің қысымымен  Талғар қаласы мен Алматы облысының бірқатар құқық саласының лауазымды адамдары қызметінен алынған болатын. Бұл оқиғаны Бас прокурор тікелей бақылауына  алып ұстап отырғаны айтылды.

Міне, арада екі жарым айдай уақыт өткен кезде сол оқиғаның жалғасы ретінде қаза тапқан Шерзаттың әкесінің інісі  Нұрғанат Ғайыпбаевтың қазасы жұртшылықты тағы дүр сілкіндірді. Ол алдын ала тергеу барысында мәлім болғандай, өзіне қол жұмсаған деген  пікір айтылды. Сот сараптамасы да шығарылып, оның асылып өлгендігін растады. Күні кеше полиция Нұрғанаттың қаза болар алдында ағасы Қаржаубайға жазған телефон хабарламаларын жариялады. Өзін Шерзаттың өліміне кінәлі деп санайтынын айтқан Нұрғанат ағасына Шерзаттың қасына жерлеуін сұрайды.

Бұл оқиғаның ақ-қарасын нақты анықтау әрине құқық қорғаушылардың міндеті. Дегенмен де, қазіргі күні әлеуметтік желілерде таралып жатқан қаза тапқан Шерзаттың әкесі Қаржаубайдың отбасына жасалып жатқан қысым туралы әңгімелерге тек құқық қорғаушылар тарапынан жасалатын нақты жұмыстар мен ашықтық қана тосқауыл қоя алмақ. Отқа май құйып, болған оқиғаны бұрмалап көрсетіп, ел арасын ушықтырғысы келетіндер бой көрсетіп жатыр. Әрине, қарапайым халықтың соңғы жылдарда болып жатқан түрлі жағдайларға орай құқық қорғау органдарына сенімсіздікпен қарайтыны түсінікті жай. Құқық қорғау органдарында жемқорлықтың белең алып кетуі де шындық. Қылмыскерлермен күресудің орнына, олардың жасаған қылмысын бүркемелеп, жазадан босатып жіберітін құқық қызметкерлерінің барлығын жұрт көріп, естіп отыр. Осы жайлардың бәрі де, халықтың құқық органдары тарапынан істі әділ жүргізіп, қылмыскерлер нақты жазаға тартылатынына деген сенімдерін азайтатыны айтпаса да түсінікті.

Шерзаттың өлімінен кейін көп ұзамай оның әкесі Қаржаубайдың үйі өртелген. Бірақ та, әлі күнге дейін оны өртегендердің кім екендігі анықталған жоқ. Бұл жай оның отбасына әлдекімдер тарапынан қысым жасалудың болып отырғандығын айғақтайды. Ал енді оның інісінің қаза табуы сол сырттағы қысым көсретушілердің тарапынан жасалған әрекет емес пе деген ой туғызуы да заңды. Кейбір блогерлер дәл осы жайды пайдаланып, құрыққа сырық жалғап, Талғарды билеп-төстеп отырған ұйымдасқан қылмыскерлер жайындағы әңгімені өршітуде.

Айта кету керек, Талғардағы қылмыстық топтың басшысы аталған Хасан есімді азамат ұсталып, қамауға алынған болатын. Оның үстінен ертеректе жасалған қылмысы қайта қозғалып, қылмыстық іс ашылды. Ал оқиғаға қатысы бар 13 адамның көпшілігі қамауда. Прокуратура өкілінің соңғы мәлімдемесіне сай, іс аяқталған, енді сараптамааның қортындылары күтілуде. Сараптама қортындылары шыққан соң іс сотқа жіберілмек.

Жұртшылықтың назарындағы бұл қылмыстық істі құқық органдары созбалаққа салмай тезірек аяқтап және сот мәжілісі ашық өтуі керек. Ол Бишімбаевтың ісі сияқты ақпарат құралдары арқылы таратылып, көпшіліктің көз алдында өтсе, сот шешімі де бұрмаланбай әділ шығарылса, қарапайым халықтың бар тілегі осы.

Қалкөз Жүсіп.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика