Тарихты білу не үшін қажет?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өткенді білу болашаққа бағдар ұстау үшін керек, өйткені қателіктерден сабақ алып, жетістіктерді одан әрі жалғастыру арқылы ғана биік нәтижелерге жетуге болады. Тарихты білу сондай-ақ, өткен аға ұрпақтың мақтаныш етер игі істерін үлгі етіп, ұлттық намыс, рухты көтеруге үлкен ықпалын тигізеді. Рухы мықты ел ешқашан жоғалмайды, ешкімге намысын таптатпайды.

Таяуда әлеуметтік желілерде 1812 жылғы Напалеонның Ресейді жаулап алу соғыстарында орыстардың жеңіске жетуіне қазақ сарбаздарының үлкен көмегі болғандығы туралы ақпарат жарияланды. Ватерлоо түбіндегі Напалеонның жеңілісі француз империясының тарихында үлкен қаралы оқиға болып қалғандығы белгілі. Осы оқиғаның  200 жылдығына орай француздар ұйымдастырған шараға Қазақстан делегациясы да қатысады. Неге екені белгісіз, француздар қазақтар құрған киіз үйге көп келіп, тіпті оны шараның құрметті орталық алаңына орнатуды ұсынады. Сол шараға қатысқан бір қазақ киіз үйге келген француз генералынан олардың қазақ мәдениетіне сонша үлкен көңіл бөлулерінің себебін сұрайды. Сонда генерал француздардың орыстардан оңбай жеңілуіне қазақтардың әскерінің үлкен ықпалы болғандығын айтып беріпті.

1812 жылы Бородина түбіндегі шайқаста генерал Кутузовтың әскері француздардан тас-талқан болып жеңіліп, Мәскеуді жау қолына тастап бас сауғалап қашқандығы белгілі.  Дегенмен де, орыс тарихшылары бұл оқиғаны басқаша баяндап, Мәскеуді тастап кету Кутузовтың әскери амалы деп түсіндіріп келген еді. Көп жауынгерлерінен айрылып, Мәскеуді амалсыз жау қолына берген Кутузовтың көп ұзамай жеңіске жетуінің себебі неде? Бұл сауалға да орыс тарихшылары қолбасшының әскери тәсілінің оңтайлы жүзеге асқандығымен, оның қолбасшылық талантымен деп түсіндіріп келді. Бірақ та, француз мұрағатында сақталған құжаттар дәлелдегендей, Напалеонның жаулап алған Мәскеуді тастап, Смоленск жолымен кері шегінуі, шындығында бассауғалап қашуы Кутузовтың әскери тактикасының шеберлігінен емес екен. Жаны қиналған  император Александр сол тұста орыс патшасына жанама түрде бағынышты саналған қазақ хандарынан көмек сұрайды. Үш жүздің ханы қалың қол жинап,  орыс патшасын қорғауға аттандырады. Оларға башқұрлардың әскері де қосылады. Осылайша, қылышпен, садақпен қаруланған атты әскер француздардың сол заманғы ең үздік әскерімен шайқасады. Өлген-тірілгеніне қарамай зеңбірек оқғына қарсы шапқан атты сарбаздар садақ оғын қарша боратып, француз әскерін ауыр шығындарға ұшыратады. Аттың құлағында ойнаған қалың қолды көрген француздар Шыңғыс хан мен әскері тіріліп келгендей үрейленеді. Содан Напалеон амалсыз Мәскеуді тастап, Смоленск жолымен кері шегінеді. Міне, орыс тарихшылары ғасырлар бойы бұрмалап келген Напалеонның жеңілісінің сыры осы екен.

Орыс тарихшылары бұл тарихи оқиғаны неге бұрмалады, қазақ хандарының көмегі туралы неге бір ауыз сөз жазбады дегенге келсек, сол жоғарыдағы айтқандай тарихты білу, ұлы тұлғаларына деген мақтаныш сезімін санаға сіңіру сол ұлттың рухын көтеретіндігін орыс патшасы да, тарихшы ғалымдары да жақсы белген сияқты. Империяшылдық астам пиғылды саналарына сіңірген олар орыс ұлтын жәй ұлттардың бірі емес, ұлыорыс, яғни великорусь деп атады.

Ал Шыңғыс ханды монғол етіп шығару да үш жүз жылдай Алтын Орданың боданы болып, табанының астына түскен орыс халқының ұлттық рухын түсірмеуге қажет болған секілді. Монғолдар алыста жатқан аз халық, әлем мәдениеті мен тарихында да үлкен елеулі орын алмайды.  Бұның астарында тағдыр тәлкегімен орыс патшасының боданынан айналған Алтын Орданың тікелей мұрагері саналатын қазақ ұлтын, жалпы түркі тілдес ұлттарды төмендету, олардың тарихын қасақана ескермей, ұмыттыру, бұрмалау арқылы өзге ұлттың есебінен өз ұлтының мәртебесін көтеруге ұмтылушылық  пиғыл жатқандығын түсінуге болады.

Ғалым, математик Асқар Жұмаділдаев ағамызды өз басым қатты қадір тұтып, сыйлаймын. Оның ұлтжандылығы, елжандылығы, биік интелектуалдылығы үшін құрметтеймін. Дегенмен де, осы ағамыздың бір сұхбатында тарихқа қатысты айтқан пікірі көңіліме онша қонбады. «Шыңғыс ханның қай ұлттан болғаны кімге керек, ол қазақ па, монғол ма, бізге қандай пайдасы бар, одан да болашақ дамуымызға әсерін тигізетін нақты ғылым түрлерімен айналысқан жөн» деген мазмұнда пікір білдірді ол. Дұрыс қой, болашақ дамуымызға тікелей әсерін тигізетін нақты ғылым түрлерімен айналысу қажет, десе де, рухы сынып, екі жарым ғасыр бодандықта болған қазақ халқының ұлттық рухын көтеру үшін де ең алдымен тарихын білудің маңызы зор дер едік.

Кеңес заманында Алматыда Мұхтар Әуезовтың мұражай үйінде ұлттық құндылықтарымызға қатысты тақырыпта халық университеті жүргізілетін. Белгілі ғалым, академик Рахманқұл Бердібаев жетекшілік ететін халық университетінің жұмысына жазушы Мырзабек Дүйсенов, басқа да бірқатар ғалымдар мен жазушылар қатысып жүрді. Сондай сабақтардың бірінде Рахманқұл Бердібаев ағамыздың айтқан мына сөзі есімде қалыпты: «Біз босағаға жаман шапанын іліп қойып, соған қарап «Аяз әліңді, құмырсқа жолыңды біл» деп өзін өзі тәубеге шақырып отыратын Аяз би сияқты емес, мұражайымызға Алтын адамды көрнекті орынға қойып, «біз сол алтын адамның ұрпағымыз» дегенді санамызға сіңіруіміз қажет» деген еді. Ғасырлар бойы бодандықта болып, ұлттық рухы әлсіреген қазақ сияқты халық үшін рухты көтеретін ата-баба тарихын жаңғыртудың маңызы өте зор.

Сол үшін де Шыңғыс ханды қазақтан шыққан деп дауыс жетер жердің бәріне айтып, жазып жүрген Мұхтар Мағауин ағамыздың ісі ұлттық рухымызды оятуға, көтеруге жасалған оң қадам десек, шындықтан алыс кетпейміз. Жарты әлемді жаулап алған Шыңғыс ханнан да басқа әлем тарихына өшпес із қалдырған  даңқты тұлғаларымыз аз болмаған.  Өз заманында Шығыс Азия құрлыының басым бөлігін жаулап алған парсының Кир патшасын тас-талқан етіп жеңіп, басын кесіп қан толтырылған меске салған сақтың патшайымы Томиристен бастап, Рим империясын талқандаған Еділ патша, крестшілер мен Құлағудың жеңілуді білмеген сарбаздарын тоқтатқан Бейбарыс сұлтан, екінші ұстаз атанып, ғылымда өшпес атын қалдырған Әбунәсір Әл Фараби, пайғамбардың өзі келешекте келетінін біліп, құрмасының сүйегін бер деп қалдырып кеткен, ислам әлемінің ұлы ғұламаларының көшбасшысы Қожа Ахмед Яссауи болып ұлыларымыздың есімдері жалғаса береді.

Қытайдың бір ғұламасының «халықты тарихынан айырып, рухын сындырғың келсе, әліпбиін өзгерт» деген сөзі бар екен. Сол сөзді жадында ұстаған болуы керек, Сталин қазақтардың әліпбиін айналдырған жиырма жылдың ішінде үш рет өзгертті. Ахмет Байтұрсыновтың төте жазуынан латын әліпбиіне көшіп, енді соған үйрене берген тұста, киррилица енгізілді. Осылайша, қазақ жазба мұраларынан қол үзіп, қысқа мерзім ішінде рухы сынып, өз тарихынан ажырап қалды. Ал  1930-шы жылдардағы қуғын-сүргін кезінде қазақтың бас көтерер зиялылары түгелге жуық оққа байланды, ашаршылықтан халқының үштен бірінен айрылды. Елуінші жылдардағы тың игеру желеуімен өзге ұлт өкілдерін жаппай қоныстандыру, Хрушевтің «орыс тілін неғұрлым тез меңгерсек, соғұрлым тез коммунизмге жетеміз» деген ұранымен қазақ мектептерін жаппай жабу – осылардың бәрі қазақ халқының ұлттық тілі мен дәстүрінен, мәдениеті мен тарихынан ажырауына ықпалын тигізді.

Міне, бүгін біз сол өткендегі  отарлау саясатының «жемісін» татып отырмыз. Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдай уақыт өтсе де, әлі күнге дейін ана тіліміз заң жүзінде алған мемлекеттік мәртебесі деңгейіне көтеріле алмады. Тарихымыздағы ақтаңдақтар қалпына келтіріліп, ұлт мақтанышы болуы тиіс тұлғаларымызды түгендей алмай жүрміз.

Әлемдегі ең ежелгі ұлттардың бірі саналатын иудейлер (еврейлер) мың өліп, мың тірілген халық. Олар ұзақ жылдар бойы атажұрттарынан айрылып, мемлекеттігін жоғалтып алды. Бірақ та, ұлттық рухы мықты иудей халқы тарих әкелген мүмкіндікті пайдаланып, өткен ғасырда өз мемлекеттігін қалпына келтіген кезде жан-жақтан жиналып, тіпті ұмытыла бастаған ана тілдерін де қайта тірілтті, ұлттық дәстүрлері мен дінін жаңғыртты.  Сөйтіп, иудейлер аз уақыттың ішіндегі әлемдегі ең дамыған мықты мемлекеттердің біріне айналды. Міне, ұлттық рухтың мықтылығы.

Кезінде кеңес заманында ақын Қадыр Мырза Әлі «Біздің тарих, ол-дағы қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы» деп жазған еді. Қазір де қазақ тарихы ақтаңдақтардан толық тазарып, адамзат тарихындағы шынайы орнын ала алған жоқ. Біз ұлыларымызды түгендеп, тарих шындығын қалпына келтірген кезде ағылшындар, орыстар сияқты ұлы халықпыз деп еңсе көтеріп, әлемге жар салып айта алатын боламыз. Олай деуімізге сол ұлы тұлғаларымыз, тарихтағы бабаларымыздың ерлік істері мен адамзат өркениетіне қосқан елеулі үлестері толық мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика