0 көрілім

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бһагавад Гитада адамдардың өз міндеттерін орындамауының салдарынан  рухани азғындыққа ұшырап, дүниеге тексіз ұрпақ әкелетіні айтылады. Веда ілімінде адамдардың Жаратқан белгілеп берген міндеттерін мүлтіксіз орындауы — дхарма деп аталады. Дхарма ұғымы — дінге қарағанда әлдеқайда кең және ұлттық салт-дәстүрлермен астасып кеткен. Үлкенді сыйлау, неке тазалығын сақтау, өтірік, өсек, ұрлық сияқты жаман әдеттерден аулақ болу — бәрі дхарма саналады. Дхарманы сақтаған адам діни шарттарға да, ұлттық салт-дәстүр мен қағидаларға да қайшы әрекет жасамайды.

Веда өркениетінде дүниеге жақсы өнегелі ұрпақ әкелу үшін жасалатын Самскара аталатын шарт бар. Ерлі-зайыптылар отбасы құрған соң бірге біраз уақыт Самскара шарты бойынша ораза ұстап, тамақ ішуді шектейді, ұрыс-керіс сияқты жаман әдеттерден аулақ болады. Сырт қарағанда бұл шарт мұсылмандардың ораза айында ұстайтын ауыз бекітуіне ұқсайды. Ораза кезінде аузын бекіткен мұсылман күнұзақ ішіп-жеуден тиылып, оған қоса ешкіммей ұрыспай, жаман әрекеттер жасамай, ақыл-ой, эмоциялық жағынан да тазаруға күш салады.

Самскара кезінде де  ерлі-зайыптылар осыған ұқсас тиым салуларды орындайды. Олар осылайша біраз уақыт түрлі теріс әрекеттерден саналы түрде тиылып, эмоциялық-психологиялық жағынан өздерін дайындайды. Содан соң веда күнтізбесі бойынша сәтті күндер саналатын мезгілде ерлі-зайыптылар Құдайға құлшылық етіп, жақсы ұл немесе қыз сұрап, дұға жасайды. Осыдан кейін төсек жақындығына барады. Міне, сондай эмоциялық-психологиялық тазарудан өткен ерлі-зайыптылардан дүниеге өнегелі ұл-қыз келеді.

Қазіргі медицина ғылымы да баланың қандай болмағы төсек жақындығы кезіндегі ата-ананың көңіл-күйлері мен психологиялық ахуалына байлынысты болатынын растайды. Нәпсілерін қанағаттандыруды ғана ойлап, болмаса арақ-шарап ішіп алып жақындасқан кезде пайда болған бала физикалық жағынан ауру-сырқау, психологиялық жағынан азғын, қатыгез болып туады. Самскара шартын жасамай, нәпсінің жетегімен жақындасқан ерлі-зайыптылардан азғын, ведалық ілім тілімен айтқанда тексіз ұрпақ дүниеге келеді.

Қазіргі кезде әлемнің барлық аумақтарында сондай тексіз ұрпақ дүниеге келіп, олар адамзат қоғамын азғындатуда. Тексіз ұрпақтың көбейіп кетуі жер бетіндегі адамзат өмірін нағыз тамұққа айналдырады. Ел мен елдің арасындағы қанды соғыстар, қылмыс, түрлі арсыздықтардың белең алуы — бәрі тексіз ұрпақтың жасап жатқан әрекеттері.

Біздің бала кезімізде ұлттық салт-дәстүр қатаң сақталатын, соның нәтижесінде зинақорлық, ауыр қылмыстар, басқа да жамандықтар көп кездеспейтін. Ал бүгінде қазақ қоғамында бұрын көз көріп, құлақ естімеген нешетүрлі азғындықтар көбейіп барады. Әкесі өз кіндігінен жаралған қызды зорлап, жүкті қылып қою, ер баласын зорлаған әке, анасын зорлаған бала — осындай азғындықтар өкінішке орай әр өңірде көрініс беруде.  Бұның бәрі тексіз ұрпақтың белең алғандығының белгісі.  

Тексіз ұрпақтың дүниеге келуіне жоғарыда айтылғандай тек физиологиялық шарттар әсер етпейді. Оның түп тамыры мен басты негізі  рухани бастауда жатыр. Шримад Бхагаватамда тексіз ұрпақтың келуіне әсер ететін жайлар туралы жан-жақты баяндалады. Енді соған кеңірек тоқтала кетелік.

Шримад Бхагаватамда аш әруақтар әлемі жайында айтылады. Бүгінгі ғылыми түсінікпен айтатын болсақ — бұл астралдық әлем болып табылады. Қасиетті Құранда “Үстеріңнен 7 қабат жол жараттық” деген аят бар. Бес дөрекі элементтен тұратын физиологиялық тәннің ішінде 3 нәзік элементтен тұратын нәзік тән бар. Адам өлген кезде, бес дөрекі элементтен тұратын тәні жұмысын тоқтатады. Оның жаны үш нәзік элементтен тұратын нәзік тәнге көшеді. Үш нәзік тән, бұлар: ақыл, зерде және жалған эго аталатын аханкара қуаты.

Эзотерик  сарапшылардың пайымынша астралдық тән 2 қабаттан тұрады. Оның ішінде зерде элементінен тұратын 4 қабатты ментальді тән бар. О дүние дегеніміз сол ментальды тән арқылы енетін әлем. Ал оның арғы жағында аханкара элементінен тұратын нәзік әлем орналасқан. Адамның өмір бойына жинаған барлық иманы мен сауаптары, білімі мен тәжірибесі сол әлемде таразыға салынып, болашақ өмір жолы айқындалады және қандай тән алатыны белгілі болады.

Шримад Бхагаватамда айтылған аш әруақтар әлемі — бұл астралдық әлем. Өзіне қол салып өлтірген, немесе нашақор, маскүнемдікке салынған, гомосексуал, педофил сияқты арсыздықпен айналысқан пенделер дөрекі тәнін тастаған соң нәзік астралдық тән алады да, астралдық әлемде қалып қояды. Олар өздерінің азап-тауқыметтерімен біраз тазарған соң ғана о дүние аталатын ментальдық әлемге ене алады.

Астралдық тән алып, осы әлемде қалған аш әруақтар аталатын пенделер қандай азап тартады? Оларда нәпсі, сезім, ақыл — толық сақталады. Бірақ  ет пен сүйектен жаратылған дөрекі тәні болмағандықтан, олар нәпсілерін қанағаттандыра алмайды. Мысалы, қарны аш, тамақ ішкісі келеді. Бірақ тамақ іше алмайды. Олар еш кедергісіз кез келген жерге бара алады, ешкім оларды көрмейді, естімейді. Астралдық тәндегі аш елес-әруақ   қарнын тойдыру үшін мол дастархан жайылған тойларға барып, дастарханның үстіне шығып алса да, тамақ іше алмайды. Өзгелердің тойып тамақ ішіп жатқанын көзімен көріп, сезінеді, бірақ аш қарнын тойдыруға еш мүмкіндігі жоқ.

Шөл қысады, құдықтағы суға сүңгісе де сусынан қандыра алмайды. Жыныс жақындығына барғысы келеді, дөрекі тәні болмағандықтан, жыныс жақындығына бара алмайды. Оларды аш нәпсі сәт сайын қинап, ананы бер, мынаны бер деп азаптайды, нәпсісін қанағаттандыруға еш мүмкіндігі жоқтықтан, аш әруақтар сұмдық қатты азапқа түседі. Ет пен сүйектен жаратылған дөрекі тәнін тастап, нәзік тәнге көшкен олар осы фәни әлемде тірі адамдардың ортасында өмір сүреді. Бірақ оларды ешкім естімейді, көрмейді.

Нәпсінің жетегімен қатты азапқа түскен пенде нәпсісін қанағаттандыру үшін ет пен сүйектен жаратылған дөрекі тән қажеттігін жақсы түсінеді. Сондықтан ол дөрекі тән алу үшін барын салып бағады. Аш әруақтар үшін дөрекі тәнді алудың мүмкіндігі — құдайсыз, дінсіз пенделердің арақ ішіп алып жыныс жақындығына баруы, зина жасауы кезінде ашылады. Міне, осындай жыныс жақындығы кезінде аш әруақтар әйелдің құрсағына еніп, сәби түрінде дүниеге келу мүмкіндігін алады.

Шримад Бхагаватамда сонымен бірге, айдың белгілі бір күндерінде аш әруақтар жыныс жақындығына барған әйелдің құрсағына ену мүмкіндігін алатыны айтылады. Веда ілімін жетік білетін тақуа адамдар осыған орай, ондай сәтсіз  күндері ешқашан әйелмен жақындыққа бармайтын болған.

Әлемнің көзбен көріп, сезім мүшелері арқылы сезіне алатын бөлшектерін ғана қамтитын материалдық ғылым көзге көрінбейтін, сезім органдары арқылы сезіне алмайтын нәзік әлемнің барлығын және оның біздің өмірімізге үлкен ықпалы болатынын түсінбейді. Сондықтан олар мінез-құлқы жақсы, тәрбиелі ата-анадан арсыз, қатыгез балалардың дүниеге келу себептерін түсіндіре алмайды. Шындығында, оның себебі нәзік әлемде жатқаны Шримад Бхагаватам сияқты қасиетті кітаптарда нақты айтылады. Нәзік әлемді назарға алмасақ, онда біз мынау фәни дүниенің қыр-сырын ешқашан толыққанды түсініп, біле алмаймыз.  

Осы жайлардан не түюге болады? Қазіргі өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамдағы азғындықтар мен арсыздықтар, қатыгездіктер мен ашкөздіктер, қылмыс, соғыс, жемқорлық сияқты адамзаттың өмірін тамұққа айналдырар теріс құбылыстардың бәрі тексіз ұрпақтың көбеюінің салдары екені даусыз шындық. Ал тексіз ұрпақ діни және халықтық адами жақсы дәстүрлерді сақтамаудан туындайды. Жамандықтан жамандық пайда болады. Оны тыюдың жалғыз тәсілі — адамзат діни шарттар мен халықтық салт-дәстүрлердің жақсы жақтарын сақтап, соны барынша ұқыпты ұстануы керек. Арақ, есірткі, құмар ойындары, зинақорлық  сияқты адам санасын аздыратын жаман әдеттерден аулақ болғаны жөн. Міне, сонда өмірге жақсы ұрпақ келеді және текті ұрпақ адамзат қоғамын жақсартып, жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика