Тозақта болған жігіт

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Дәстүрлі діндердің бәрі адам өлгеннен кейін жасаған сауаптары үшін жұмаққа еніп жан рахатына кенеледі, ал күнәлары үшін тозаққа барып, азап шегеді деген қағиданы ұстанады. Бұндай қағида ислам дінінде де бар. Өздерін мұсылманбыз деп, діни парыздарын орындайтындардың бәрі осы ұстанымға сенеміз дегенмен, шын жүрегінен сеніп, өлімнен кейінгі адамның ахуалы жайлы ойлайтындар өте аз.

2005 жылы жарық көрген «Как я пришел в сознание Кришны» деген мақалалар жинағында жариаланған өліп-тірілген мәскеулік жігіттің басынан кешкен жайлары таңғаларлық. Арақ ішіп, темекі шегетін, кейінірек есірткі қабылдауға көшкен жігіттің о дүниеде болып, талай сұмдықты басынан өткергені біреулерге ойдан шығарылған ертегі немесе есірткіге еліккен жігіттің миында көрініс берген елес сияқты көрінгенімен, өмірін өзгертуге үлкен ықпал еткен бұл жағдайдың ойдан шығарылмағанын көкірек көзі ашық әрбір жан түсінуіне болады. Сонымен, мәскелуік жігіттің басынан кешкендеріне назар аударалық.

-Төрт жыл бұрын мен арақ-шарап сатумен айналысатын коммерсант едім. Адамдарды маскүнемдікке итермелейтін спирт өнімдерін сату күнәлі іс сияқты көрінгенімен, көп табыс түсіретіндіктен, оның салдарына назар аудармадым, -дейді мәскеулік жігіт.  Оның туған бауыры үнемі шіркеуге барып, Құдайға құлшылық ететін тақуа екен. Бауырының жаман істерін көріп, талай мәрте ескертеді, арақ-шарап сатып тапқан ақшаның опа бермейтінін айтады. Дегенмен де,  кәсіпкер бұны құлағына ілмейді.

Арақ-шарап сатып қана қоймай, ол өзі де үнемі ішімдік ішіп, кейінірек тіпті, есріткі қабылдап, санасы әбден уланады. Сөйтіп жүрген күндерінде бауыры қайтыс болып, біраз уақыт өлім туралы ойлап, теріс әрекетін тастауға талпынып көреді. Ара-тұра шіркеуге барып, Құдайға құлшылық етеді. Бір танысынан Бһагавад Гита кітабын алып оқып, кришнайттармен байланыса бастайды. Олардың храмына барып, құлшылықтарына да қатысып көреді.

Дегенмен де, бойына әбден сіңіп қалған күнакар әдеттерден бірден арылып кету қиын болады. Көп ұзамай бұрынғы таныстарының ықпалымен қайта ішкілікке салынады. Содан кейін есірткі қабылдай бастайды. Есірткіге еліккен санасы бұлыңғыр тартып, көзіне өзге әлем көріне бастайды. Бұны медицина тілімен «белый горячка» деп атайды, яғни асқынған маскүнемдік дерт.

-Бір күні кешкілік есірткіге елігіп жатқан маған түрлері қорқынышты бөгде планеталықтар келді, -деп есіне алады мәскеулік жігіт. –Олар маған түрлі сауалдар қойып, күнәмді бетіме басып, үрейімді ұшырды. Ақырсында шыдай алмаған мен жетінші қабаттан секіріп кеттім. Одан әрі ақылға сиымсыз қызық нәрсе басталды. Жағажолда жатқан денемді көріп, жоғарыда қалқып тұрдым. Үйден жүгіріп шыққан әйелім тәнімді жұлқылап, бетіме қарап бірдеңелерді айтады. Сәлден кейін жедел жәрдем көлігі келіп, тәнімді салып алып кетті. Ал мен қорқынышты құбыжықтардың қоршауында қалып қойдым.

Оның айтуынша, құбыжықтар бұны әбден азапқа салады. Ол «таңдайым кеуіп барады, ішетін бірдеңе беріңдер» деп сұрапты. Сол сәт әлгілер бұның аузына спирт құяды. Спирт өңешін өртеп, асқазанын жидіте бастайды. Жан дауысы шыққан оның айқайын құбыжықтар елең қылмапты. Содан кейін басына нәжіс пен зәр құйып, тұншықтырады. Бір кезде денесін созып тартып, отқа қақтайды. Азап пен тауқыметке төзбеген жігіттің бар қолынан келері айқайлау ғана болыпты.

Бір кезде азаптаушы құбыжықтар бұны жарық бөлмеге әкеліп, енді азабың осымен бітті, рахатқа кенелесің дейді. Жігіт қуанып кетеді. Бөлмеде біраз адам түрлі тамақ жеп, сусын ішіп отыр екен. Бұл да шампан ішемін деп тапсырыс береді. Әлгі құбыжықтардың бірі әп сәтте бірнеше жәшік шампанды әкеліп дәл жанына қояды. Құдай берді, шампан ішіп масайып, рахатқа кенелетін болдым деп ойлайған жігіт қолын созып бөтелкені алайын десе, қол-аяғы төсекке тас қылып таңылып қойыпты. Қыбыр ете алмайды. Ал айналасындағы адамдар ішіп-жеп мәз-мәйрам. Шөл мен аштықтан ішегі бұралған жігіт айтып жеткізгісіз азапқа түседі.

Содан кейін құбыжықтар түрлі сұрақтар беріп тағы тергей бастайды. «Мен Інжілді де, Бһагавад Гитаны да оқыдым, Құдайға құлшылық ету арманым» -дейді жігіт. Құбыжықтар құлшылық дұғасы деп бір музыканы қояды. Құлағының құрт етін жейтін жаман дыбыстан шошынған жігіт «Маған Харе Кришнаны қойыңыздар, соны тыңдаймын» дейді дауыстап. Бірақ та, оны құбыжықтар құлағына да қыстырмайды.

-Бір сәт кришнайттардың храмындағы бір жігіттің өзіме соншалықты аянышпен қараған көздері есіме түскені. Сол-ақ екен, мені азапқа салан құбыжықтар ғайып болды, -дейді жігіт.

Содан кейін ол нәзік тәнімен үйіне оралады. Жылап-еңіреген әйелін көріп, «мен тірімін, неге жылайсың» деп дауыстайды. Бірақ онысын әйелі естімейді.

-Сол кезде көрші пәтерде тұратын кемпір қайтыс болды. Оған маған келгендей жаналғыш құбыжықтар келді. Кемпір жан дауысымен шыңғырып, «Мен Құдайға құлшылық етемін, Христосқа сыйынамын» деді. Сол кезде құбыжықтар «Сені жақсы білеміз, құлшылық дегенің бос сөз, ойлайтының қара басыңның қамы ғана» деді. Олар кемпірді сүйреп алып кетті. Содан кейін әлгі құбыжықтар өлген адамдардың тәндерін көтеріп бір жаққа әкетіп жатқанын көрдім. Маған келіп, мынаны да аламыз ба деді біреуі. «Жоқ, қайтеміз оны, Харе Кришнаны қайталайды екен, оған қоса ауыр» -деді екіншісі. Олар маған көңіл бөлмей жөндеріне кетті.

Осыдан кейін жігіт аурухана палатасында есін жинайды. Оның көзін ашқанын көрген дәрігер таң-тамаша қалыпты. Біршама уақыт өліп жатқан жігіттің қайта тірілуі, содан кейін бірер күнің ішінде ауруынан жазылып, ауруханадан шығуы таңғаларлық жай болыпты.

-Осы оқиғадан кейін Құдай жолына шындап түсуге бел байладым. Дегенмен, көп ұзамай ескі таныстарым кездесіп, қайта ішкілікке салындым. Бірақ сол күні арақ тұмандатқан санамда өзімді азаптаған құбыжықтардың қайта көріне бастауы қатты шошытты. Бұның түс немесе елес емес екенін анық түсіндім. Содан кейін-ақ, арақты толайым тастап, кришнаиттрардың храмына бардым. Міне, төрт жыл болды, храмда тұрамын, Құдайға құлшылық етіп, ескі жаман әдеттерімді түгел тастадым, -дейді мәскелуік жігіт.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика