Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек, асыра айтқандық болмас. Әлемнің жалпы ішкі өнімінің 23 пайызын өндіретін, 340 млн халқы бар әлемдегі ең бақуатты және қуатты мемлекетті алдағы төрт жылда кім басқармақ?  Көп елдердің саяси-экономикалық жағдайына бұл тікелей әсерін тигізетіні анық. Өйткені, бұл мемлекет қазіргі күні әлемдік саясатқа үлкен ықпал етіп отырған көшбасшы ел.

Сайлау қортындысы қазір анық белгілі болды. Республикалық партияның өкілі Дональд Трамп айқын басымдықпен жеңіске жетіп, АҚШ-тың 47-ші президенті болып сайланды. Сондай-ақ, ол АҚШ тарихында араға бір мерзім салып барып қайта сайланған тұңғыш президент болып отыр. Ел конституциясына сай бір адам екі мерзімнен артық президент бола алмайды. Осының алдындағы сайлауда  Байденнен сәл ғана дауыс кем жинап, Ақ үйден кетуге мәжбүр болған Трамп өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, тағы да президент сайлауына түскен еді. Демократиялық партияның өкілі Камал Харрис Трампқа жол беріп, жеңіліс тапты.

Трамптың билікке қайта келуіне байланысты әсіресе, соғысып жатқан ресейліктер тарапынан шындыққа онша жанаса қоймайтын қуанышты лебіздер көп айтылуда. Тіпті, Трамп Ресейге салынған барлық санкцияларды алып тастап, Украйнаға қолдау көрсетуді доғарады дегендер де бар. Ресейдің бұрыңғы президенті Дмитрии Медведов Трамптың билікке келуі Ресеймен АҚШ арасындағы қатынасқа біршама жылы леп береді деген мазмұнда пікір жазды  твиттердегі өз парақшасында.  Миллиардер бизнесмен Трапмтың өзі билік еткен уақытында ең алдымен бюджет ақшасының ысырап болмай тиімді пайдалануына назар аударатыны шындық. Дегенмен де, ол Украинаға қатысты АҚШ мойнына алған бұрыңғы міндеттерден бас тартпасы анық. Оған қоса, ел азаматтарының арасында да Ресейдің басқыншылық соғысын айыптайтындар аз емес. Бұл жайлардың бәрі Трамптың алдағы уақыттағы Ресей-Украина соғысына қатысты  ұстанымына әсерін тигізетінінде дау жоқ.

Тағы бір назар аударатын жай, жүздеген жылдық биліктің қалыптасқан қатаң жүйесі бар және заң үстемдігін негіз етіп алған АҚШ-та  кім президент болмасын, ол қатаң заң шеңберінде ғана әрекет ете алады. Оның жұмысын қадағалап отыратын өкілетті және құзырлы органдар бар. Сондықтан да, ресейліктердің бөркітерін аспанға атып қуанатындай еш жөні жоқ. Трамп та өзінің алдындағы президенттер сияқты тек қана заң шеңберінде және елдің мүддесін басшылыққа алып әрекет етеді.

Президенттікке үміткер кезінде  Трамптың Украинадағы соғысты 24 сағаттың ішінде аяқтаймын деген сөзі болғаны белгілі. Осыған қатысты қазір алыпқашты әңгімелер әлеуметтік желілерде өте көп айтылып жатыр. Үш жылға жуық уақыттан бері созылып келе жатқан қанды қырғынды 24 сағатта тоқтату үшін екі тарапты да айтқанға көндіретін уәж бен оларға тиімді болатын ұсыныс болуы шарт. Зеленскии 1991 жылғы шекара қалпына келтірілмей соғыс тоқталмайды деп үнемі айтып келеді. Ал Путин өзінің соңғы жариялаған бейбіт келісімге арналған шартында қазіргі жаулап алынған жерлерді сақтай отырып, оған қоса Украинаның НАТО-ға және Еуроодаққа енбеу міндеттемесін алған жағдайда келісім жасалуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Ал соғысты тоқтату үшін Трамп не ұсына алады? Оның ұсынысын тараптар қалай қабылдайды? Ақ үйдің жаңа басшысының 24 сағатта соғысты тоқтатуға арналған мәлімдемесінің орындалуы осы сауалдардың жауабына тікелей байланысты болатыны анық.

Бұдан бұрын елді 4 жыл басқарған Трамптың ел есінде қалар үлкен ауқымды шаруалары болған жоқ. Ол заң шеңберінде, өзінің уәкілеттігіне сай міндетін өзінен бұрыңғы президенттер сияқты біршама дұрыс атқарды. Алдағы төрт жылда да күрт өзгерістер жасап, ел күтпеген шешімдер шығарады деу әбестік болар еді. АҚШ сияқты билік тармақтары нақтыланып, қатаң жүйе қалыптасқан, заң үстемдігі орныққан елде президенттердің ауысуы көп нәрсені шешпейді. Сондықтан, ресейліктердің қазіргі жаңа басшыға үлкен үміт артып, қуануларының еш негізі жоқ.

Қалкөз Жүсіп.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика