Тыйым салынған тақырып

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Африка елдерінде ертеде өмір сүрген тайпалар арасында «табу» деген дәстүр болған. Оның мәні: тыйым салынған әрекеттер дегенді білдіреді екен. Сол сияқты ғылым мен білім шарықтап дамыған қазіргі кезде ресми болмаса да, жұрттың санасына сіңірілген тыйым салынған жайлар бар. Солардың бірі – ӨЛІМ.

Мынаған назар аударып қараңызшы: қазіргі ғылым жердің астындағыны да, үстіндегіні де, аспандағыны да, барша жан-жануарлар мен өсімдіктерді, жанды-жансыз заттарды түгел зерттейді. Осы мақсаттарға арнап жыл сайын миллиардтаған қаржы жұмсалады. Жұмыс нәтижелері жарияланып, тәжірибеге енгізіледі. Бірақ, жердің асты мен үстін түгел зерттеп, зерделеген адамзат үшін өздеріне қатысты, әрбір тірі пенде ерте ме, кеш пе міндетті түрде дәмін тататын ажал, яғни өлім туралы ешбір зерттеу жүргізбейді. Бұл тақырып бейне тыйым салынған, яғни ТАБУ болып саналатын сияқты.

Бүгінгі материалист ғалымдардың өлім туралы түсінігі өте қарабайыр және қысқа ғана: «адамның тәні өлген кезде ақыл-ойы, санасы да мәңгіге өшіп жоғалады, тән іріп-шіріп топыраққа айналады, сонымен өмір бітеді».  Міне, бүгінгі ғылымның өлім туралы бар түсінігі, ақыл-ойларының жеткен шегі осы ғана.

Ғылым ажал деген мәңгіге өшіп жоғалу деп түсінетіндіктен, адамдардың көбі өмірге қарама-қайшы, яғни өмірді жоюшы саналатын өлім туралы айтпауға, ол туралы мүлдем ойламауға тырысады. Адамдарға жол көрсетіп, болашаққа бағдар беретін ғылымның сыйқы осындай болғасын, басқалар да өлім деген нәрсені ауызға алмауға, ол туралы мүлдем ойламауға тырысып бағады.

Осыған орай, бұл тақырып мектептерде, арнайы және жоғары оқу орындарында оқытылмайды, жастар өлім дегеннің не екеніні білмей, түсінбей өседі. Қарт адамдар да, ажалдарының күн санап жақындап келе жатқанын сезсе де, ол туралы ешқашан ойламауға тырысады. Осыған орай мынадай пікір қалыптасқан: өлім деген мүлдем жоқ. Яғни, ажал туралы ойламасаң, ол туралы айтпасаң, бұл құбылыс өз өзінен жоғалып кететін сияқты. Бірақ та, соған қарамастан, уақыты келгенде ажал әрқайссымыздың есігімізді рұқсатсыз ашып енеді. Одан ешкім де қашып құтыла алмайды.

Өлім туралы ойламау, ол туралы айтпау, оқытпау – бұл қатер төнгенде қорыққанынан көзін жұма қоятын маймылдың әрекеті сияқты. Маймыл қарсы алдынан шыға келген арыстанды көргенде қорқыныштан көздерін жұма қояды екен. Солай жасаса, арыстан жоғалып кетеді деп санайтын болса керек. Бірақ соны пайдаланған арыстан бассалып, маймылдың пәрше-пәршесін шығарады.

Ажалдан қорыққанынан ол туралы ойламауға тырысатындар да сол маймыл сияқты қауіптен көздерін жұмып құтыламыз деп ойлайтын сыңайлы. Десе де, уақыты келгенде ажал шақырусыз қонақтай бізді қайдан болса да іздеп табады. Міне, сол кезде өлім дегеннің не екенін мүлдем білмейтін пенде ажал алдындағы жан арпалысы мен қиналысын басынан өткермек. Бұл оның санасын тілгілеген қорқыныш пен үрей, айналасындағы адамдарға деген қызғаныш пен жеккөрініш, түңілу, ашу-ыза сияқты теріс эмоциялар түрінде анық көрінеді.

Лев Толстойдың «Үш қаза» деген шағын әңгімесі бар. Ол кезде емі жоқ дерт саналатын құрт ауруымен ауырған байдың еркекотай келіншегі айналасындағылардың бәрінің апшысын қуырып, қашан қайтыс болғанша жұртты әбіржітіп бітеді. Өмірді қимай қатты қиналған келіншек осының бәріне айналасындағыларды кінәлап, өзі қиналғанымен қоймай, басқалардың да әбден тынышын алады.

Ал өмір бойы арба айдаушы болған кедей шал өлім жақындағанда трактирдің бір бұрышында ешкімге кедергісін келтірмей үнсіз жатып тыныш қана о дүниеге аттанып кете барады. Екі адамның өлімі екі түрлі. Байдың әйелі өлгенше қатты қиналып, аласұрып, әбден тауқымет тартса, кедей тыныш қана жатып, ешкімге залалын тигізбей сабырлы қалыппен бақиға аттанады. Осы жайға қарап, «жақсы өле білген де жақсы екен-ау» деген ойға қаласың.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика