100 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Интернет барша адамзаттың өміріне үлкен өзгерістер әкелді және әкеліп те жатыр. Оның жағымды жағы да, жағымсыз тұстары да жетерлік. Ол жайында БАҚ аз айтып, жазып жатқан жоқ. Оған тоқталып жату да артық болар. Ал біз әңгіме еткелі отырған хаип деген мәселе туралы онша көп айтыла қоймайды. Көп айтылмайтыны, жұртшылық әзірге оны қоғам үшін оншалықты қауіпті деп санамайтын сияқты. Ал іс жүзінде хаип деген әсіресе, жастардың санасын улайтын, ұлттың болашағына балта шабатын аса қатерлі дерт екендігін өмір көрсетуде.

Таяуда әлеуметтік желілерде әлдекім жариялаған қазақтың ұлы тұлғалары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және Ахмет Байтұрсыновтың суреттерін сөйлеткен видео көпшілік арасында үлкен пікір туғызды. Қазақтың айтулы перзенттерін аузы-бастарын қисаңдатып, құбыжық етіп көрсеткен бұл видеоның авторын жұрт жерден алып, жерге салды. Тіпті, тауып алып, сыбағасын беру керек дегендер де болды. Содан көп ұзамай «мен осы видеоның авторы едім» деген бір қаршадай бала шығып, халықтан осы үшін кешірім сұрап, енді мұндай теріс әрекет жасамайтынын айтты.

Осыған қарап «жә, дұрыс болған екен, жас бала ғой, қателігін түсінген шығар» деп қоя салуға болар еді. Қызығы сол, аузы қан-қан әлгі баланың сырт бейнесі әлдекімнен көкала қойдай болып таяқ жеген адамға ұқсайды. Бірақ, сөз тұрпатына, бетбейнесіне анықтай қарасаң  таяқ жеген адам еместігін аңғарасың. Аузындағы қан дегенін біраз адам «бұл кетшуп қой» десті. Сонымен, «аузына кетшуп жағып алып, жұртты ақымақ еткісі келген баланың бұл ісі несі?» деген ойға қаласың. «Бақсақ, бақа екен» демекші, қаршадай баланың әрекетінің астарында жоғарыда айтқан «хаип» деген пәле жатыр екен. Хайп үшін қазіргі жастар жанын беруге, ар-намысын таптауға, өтірік айтып, ант-су ішуге, яғни бәріне де баратын болып шықты.

Ағылшын тіліндегі hype- мәжбүрлеген жарнама деген мағынаны беретін сөзден алынған хаип деген кеселдің астарында әлеуметтік желілер арқылы өздерін барша жұртқа танымал етуге деген ұмтылыс жатады екен. Қазақ бұны «атың шықпаса, жер өрте» дейді ғой. Атын шығару үшін жер өртейтін есуастар ертеректе де аз болмаған секілді. Әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын Афины мінәжатханасын Герострат деген бір бейбақ атын тарихта қалдыру үшін өртеп жіберіпті. Мыңдаған жанды тамсандырған өнер туындысын күлге айналдырған әлгі Геростраттың есімі осы әрекеті арқылы шынында да тарихта қалды. Міне, сол Геростраттың ізбасарлары бүгінде «хаип» деген атқа ие болып, аттарын шығару үшін не түрлі есуастықтар жасауда.

Құрметті оқырман! Ақиқат блогы бес жылдан бері жұмыс істеп келеді, түрлі тақырыпта мыңға жуық мақалалар жарияланған. Сайттан сіз көптеген пайдалы ақпараттар ала аласыз. Сізге өтініш: бірер минут уақытыңызды бөліп, сайттың оң жақ қанатындағы жарнамалық баннерлерді басып, ашылған сайтқа кірсеңіз. Осындай қарапайым әрекет арқылы сіз сайтты ұстауға үлкен көмегіңізді тигізер едіңіз. Алған пайдалы ақпаратыңыз үшін алғысыңызды осылай білдірсеңіз.

Хаип деген дертке ұшырағандардың бар арманы – көбірек көрілімге ие болу, ал  лайк басып, пікір жазатындар көп болса құдайдың бергені. Сол көрілім мен лайк аламыз деген ниетпен биік таудың немесе мұнараның  басына шығып, өздерін суретке түсіретіндер, келе жатқан пойыздың жолында тұрып суретке түсетіндер шықты. Сондай есуас әрекеттерінің салдарынан мерт болғандар, мүгедек болып қалғандар қаншама. Бірақ хаип дертіне ұшырағандарға ол сабақ болмай-ақ қойды.

Қазақ жастарының расында да хаип дертіне шалдыққандар аз емес. Байзақова деген бір қыз жалаңаштанып суретке түсіп, өзін жезөкше етіп көрсетіп жұрттың ашу-ызасына тиген. Содан кейін Чынар Нарчаева деген қыз тыр жалаңаш шешініп, басына қазақтың сәукелесін киіп суретін жариялап айды аспанға шығарды. «Ау, тәніңді көрсеткің келсе, көрсет, бірақ қазақтың сәукелесінде не ақың бар, қазақты қорладың ғой» дегендер көп болды. Сөйтсек, бұндай әрекетті жасаудың астарында үлкен мән болады екен. Мейлі қарғасын, боқтасын, балағаттасын – бәрібір, ең бастысы көрілім саны мен лайк, пікір көп болса болғаны. Теріс пікір, дизлаик болса да бәрібір. Мақсат – жұрттың назарын аудару, атын шығару.

Жоғарыда айтқанымыздай, ұлы тұлғаларымызды мазақ қылған адамның әрекеті де сол атын шығарудың амалы екені анық. Атын шығару үшін тәнін жалаңаштап, басқа да есуастықтар жасаудан тайынбай жүргендерге қазақтың ұлттық мақтанышы болған тұлғаларын мазақ ету түкке тұрмайтыны белгілі. Тірі болсақ, хаип үшін бұдан да сорақы не түрлі сұмдықтар жасайтынын көріп, куәсі боларымыз даусыз.

Уақыт өткен сайын жастарымыздың ақыл-санасын улап, жұртшылық арасында теріс пікір қалыптастыру арқылы ұлтымызды аздыруға ықпал етіп жатқан  белең алып кеткен бұл кеселге қалай тосқауыл қоюға болады?  Осы саланы жақсы білептін бір блогердің пайымынша, бұның жалғыз тәсілі – назар аудармау, таратпау. Ондай видеоларға ешқандай пікір жазып, лайк баспасаңыз, таныстарыңызға таратпасаңыз, еңбегі еш болған хаип авторы бос әурешілікті тастауға мәжбүр болмақ.

Қазақ қызының қап-қара негр жігітіне тұрмысқа шыққан суретін әлеуметтік желіден жиі көремін. Бұған ыза болғандар не түрлі сөздерді жазып, сыбап жатады. Қыздың өзін де, ата-анасы мен туыстарын да әбден сыбап бітірді.  Ал сурет болса әлеуметтік желінің бетін бермейді. Яғни, хаип авторына керегі де сол сияқты.

Өртті су құймай да өшіруге болады, ол үшін өрттің жолын соқамен жыртып тастаса болғаны. Жанатын ештеңе болмағандықтан, өрт өз өзінен сөнеді. Сол сияқты хаип деген дертті тоқтататамыз десек, оған көңіл бөлмеуіміз, таратпауымыз керек.  Сонда интернет арқылы келген бұл қатерлі дерт өз өзінен жоғалады.

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика