41 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Короновирус деп аталатын жұқпалы дерттің пайда болып, әлем халықтарын үрей мен қорқынышта ұстағанына бір жарым жылдай уақыт өтіпті. Жұқпаға байланысты осы кезең ішінде неше түрлі бір-біріне қарама-қайшы пікірлер айтылып, вируслог  ғалымдар мен мамандар, саясаткерлер әлі күнге дейін бір мәмілеге келе алған жоқ.  Керісінше уақыт өткен сайын пікір қайшылықтары да шиеленісіп бара жатқандай.

Карантин шаралары неге ауруды тоқтата алмады

Жұқпалы дерт тарала бастаған сәтте дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен әлемнің барлық дерлік елдері бір мезгілде карантин жариялап, адамдарды оқшаулау шараларын қолға алды. Оның ішінде, көпшілік орындарда маска тағып жүру, қолға қолғап кию, қолды үнемі жуып жүру, ауру адамдарды жедел оқшаулау, онымен болған адамдарды медициналық тексеруден өткізу сияқты шаралар қолға алынды.

Оған қоса, әуе, теміржол, автобус қатынастары тоқтатылып, мейрамхана, кинотеатр, стадион сияқты көпшілік орындардың жұмысына тыйым салынды. Бір қарағанда бұның бәрі жедел таралатын жұқпалы дертті ауыздықтауға игі ықпалын тигізуі қажет еді. Алғашында жұрттың көбі солай ойлады да. Тіпті, жұмысына тыйым салыған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері шығынға батқандарына қарамастан, бұл шараға түсіністікпен қарады. Дегенмен де, уақыт өте келе аталмыш шаралардың жұқпаны тоқтатуға еш ықпалы болмайтыны белгілі бола бастады.

Швеция, Белорусь сияқты бірлі-жарым мемлекеттер денсаулық сақтау ұйымының қаулысына құлақ аспастан, карантин шараларын мүлдем енгізбеді. Бұл елдерде адамдар тұмылдырықсыз жүрді, қоғамдық көпшілік орындар жұмысын қалыпты жағдайда жалғастырып  жатты. Соған қарап кейбіреулер «енді шведтер мен белорусьтар шыбынша қырылатын болды» деп сәуегейсіген еді. Бірақ жағдай олай болмай шықты. Карантин шараларын мүлдем енгізбегеніне қарамастан, бұл елдердегі жұқпаның таралуы мен өлім-жітім көрсеткіші қатаң  карантин енгізген елдердегіден көп болған жоқ.

Қазақстан да өзге елдер сияқты өткен жылдың наурыз айынан бастап карантин шараларын енгізген болатын. Қазіргі күнге дейін «қызыл аймақ, сары аймақ, көк аймақ» деген ойындар жүргізіліп жатыр. Дегенмен, сондай  қатаң карантин шаралары аурудың таралуына еш бөгесін қоя алмады. Ауру сол баяғы қалпы елді кезіп, ойран салып жатыр. Күнде жүздеген, тіпті мыңдаға адам ауырады, ауруханалар толған, көп адамдар үйлерінде ем қабылдауда. Сөйтіп, қатаң карантин шаралары жұқпаны тоқтата алмады. Және тоқтата алмайтыны да уақыт өткен сайын анық бола түсуде.

Екпе жұқпаға тосқауыл бола ала ма?

Биылғы жылдың басынан бастап әлемнің көптеген елдері жұқпаға қарсы екпе жұмыстарын жүргізуде. Ерінбеген елдердің көбі, оның ішінде біздің еліміз Қазақстан да бар, өз вакциналарын жасап шығарды. Қалай жасап шығарды, оның қаншалықты тиімділігі бар, оған толыққанды жауап беретін ешкім жоқ. Өйткені, вакцина қысқа мерзім ішінде дайындалған және ешқандай сынақтан өтпеген. Сондықтан бәрін соқыр тәуекелмен жасауға тура келеді. Яғни, адамдар еріксіз «подопытный кролик» болуы тиіс.

Израил елінің тұрғындарының 90 пайыздан астамы вакцина салғызып, бұл мемлекет жұқпаны жеңдік деп жарияға жар салды. Дегенмен, израилдіктердің қуанышы ерте болған екен, таяуда бұл елде жұқпалы дерт қайта өршіді. Тәулігіне жүздеген адамның жұқпамен ауырғаны анықталуда.  Қызығы сол, ауырғандардың көбі екпе салғандар болып шықты. Яғни, вакцина алғандар ауырмайды екен деген түсініктің терістігін израилдіктердің тәжірибесі анық көрсетуде.

Саясаткерлердің қисынсыз әрекеттері

Логика деген ғылым бар, яғни  ой қисынына сүйене отырып, шындықты анықтауға көмектесетін ғылым бұл. Енді осы логикаға сүйеніп, жұқпалы дерт төңірегіндегі түсініксіз жайларға талдау жасап көрелік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен әлем елдерінің көбі экономикалық жағынан өте тиімсіз болса да, қатаң карантиндік шараларды енгізді. Бірақ та, бұл шара жұқпалы дерттің таралуына  еш бөгет бола алмады. Ал керісінше Швеция, Белорусь сияқты карантин шараларын мүлдем енгізбеген елдердің тұрғындары арасындағы ауру көрсеткіштері карантин енгізген мемлекеттердегі деңгейде сақталды.

Енді осы жайды логика ғылымын негізге алып түсіндіріп көрелік. Қатаң карантин шаралары жұқпалы дерттің таралуына еш тосқауыл болмайтындығын осы жай анық көрсеткен жоқ па. Иә, анық көрсетті. Осыған орай, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және сол мемлекеттердің басшылары мен санитарлық қызмет мамандары «бұл шара шынында еш көмектесе алмайды екен, сондықтан, одан бас тарту қажет» деуі тиіс еді. Осыдан кейін экономиканың дамуына, халықаралық қатынастарға үлкен кедергісін тигізіп отырған карантиндік шектеулер алынып, карантиннен зардап шеккен кәсіпкерлердің жұмысы қайта жандана бастар еді. Дегенмен, көзге ұрып көрініп тұрған бұл шындықты денсаулық сақтау ұйымы да,  саясаткерлер мен осы саланың жауапты қызметкерлері де мойындар емес. Әлі күнге дейін еш пайдасы жоқ тұмылдырық кию, қолғап кию, оқшаулау, карантин шаралары жалғасып келеді. Ал жұқпалы дерт тоқтаудың орнына жаңаша түрленіп, өрши түсуде.

Екінші қисын: вакцина салу арқылы жұқпаны тоқтатуға болады деген түсініктің дұрыс еместігін израилдің жағдайы анық көрсетіп берді. Бұл елге қазір бұрынғы жұқпадан да қауіпті ковидтің түрленген жаңа түрі «үнді штамы» таралуда. Бұл ауру бұрын егілген адамдарға келіп, халықтың үрейін ұшыруда.

Ал осындай жағдайға қарамастан, басқа елдердің оның ішінде Қазақстан мемлекетінің саясаткерлері мен санитарлық қызметі халықты мәжбүрлі түрде екпе жасату шараларын қолға алып жатыр. Қазақстанда тіпті, адамдардың наразылық шерулеріне қарамастан, мәжбүрлі екпе шаралары қызу қолға алынуда. Тамыз айының 10-на дейін белгілі бір мекемелердің қызметкерлері 100 пайыз көлемінде екпе алуы тиіс деген қаулы шықты.

Енді тағы да қисынға салып көрейік: оқшаулау, карантин шаралары ауруды тоқтата алмады, бірақ, билік бұл шараларды соған қарамастан әлі күнге дейін жүргізуде. Екпе жасау ауруға бөгет бола алмайтыны көрініп қалды, бірақ билік тағы да қасарысып, халықты мәжбүрлі екпеге итермелеуде. Бұл екі шараның екеуі де жұқпаға тосқауыл бола алмайтыны қазір 100 пайыз болмаса да, 60-70 пайыз деңгейінде белгілі болып отыр. Әлі сынақтан өтпеген, қандай әсері болары белгісіз вакцинаны алған адамдардың ертеңі не болады?  Жұқпаны қалай тоқтатамыз, ол тоқтай ма, әлде түрленіп, жаңарып жалғаса бере ме? Бұл сұрақтарға әзірге ешкім жауап бере алмай отыр.   

Интернеттен ақша табу, инвестиция, халық емі, қашықтан жұмыс істеу, т.б. тақырыптарға байланысты барлық пайдалы ақпараттарды түгел бір сайттан - PAIDALY AQPARAT сайтынан таба аласыз. Сайтқа мына сілтеме арқылы кіріңіз: https://seixun.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика