Жақсы болсам өзімнен, жаман болсам өзімнен

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамның жақсы, не жаман болмағы өзіне, өзінің ұстанымы мен көзқарасына байланысты қалыптасады. Бір қарағанда жақсы болып өмір сүру ауыр және қолайсыз сияқты сезілгенмен, шындығында жақсылықты серік еткен жан екі дүниеде де игілікке кенеледі. Керісінше, жаман жолды, яғни арамдық пен қулық-сұмдықты таңдаған адам екі дүниеде де қиындыққа ұшырайды. Бұл – Алланың айнымас заңы. Өкінішке орай, Алланың өзін де, заңын да білмейтін пенделер өздеріне өздері қастық қылып, қиындықтарға тап болып жатады.

Жүз жылдық жалғыздық.

Колумбиялық жазушы, халықаралық нобелдік сыйлықтың лауераты Габриел Гарсие Маркестің осындай романы бар. Ол дәл осы шығармасы үшін нобелдік сыйлық алыпты. Роман 80-ші жылдардың ортасында қазақ тілінде баспадан шықты. Атақты жазушының атақты кітабын оқып шыққанда мен оның бұл кітап үшін неліктен нобелдік сыйлық алғанын алғашында түсіне алмадым.

Кітап бастан-аяқ жалпақ тілмен айтқанда анайы жыныс жақындығын жеріне жеткізе баяндайды. Туған ағасы мен қарындасының жақындасуы, жезөкшелік – әйтеуір секстің түр-түрі бар. Дегенмен, мен Маркеске халықаралық сыйлықтың не үшін берілгенін кейінірек барып ұғынғандай болдым. Жазушы бәрі ақшаға сатылатын капиталистік қоғамның адамдарды азғындықтың құрдымына құлататынын көркем тілмен жеріне жеткізе айтқан екен.

Кітаптың сыртқы мазмұны анайы махабат романы сияқты сезілгенмен, ішкі мазмұны адамдардың арасындағы азғындықтың қаншалықты жиіркенішті екендігін білдіру болса керек. Аталмыш кітапты сол тұста (ол кезде біз студентпіз) қатарластарымның бәрі бір-бірінен қалап алып жарыса оқыды. Оларды қызықтырған нәрсе – анайы жыныс жақындығы еді.

Кітаптан адам екі түрлі нәрсе алуына болады екен: 1-сі анайы жыныс жақындығын оқи отырып, нәпсісі қозып, өзі де азғындыққа баруды қалау, сол арқылы жаман әдетті бойына сіңіру; 2-сі арсыздықтың адамды аздыратынын түйсініп, одан жиіркену, сол арқылы жаман әдеттен аулақ болуға ұмтылу.

Ақпарат ғасыры.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры деп аталып жүр. Шынында да қазір кез-келген ақпаратты оңай тауып, пайдалана аласыз. Ақпараттың көптігі және қолжетімдігі адамдардың ақыл-санасына да күшті әсерін тигізуде. Жоғарыда айтқанымыздай, Маркестің романын оқып алып, зинақорлыққа салынуға ниеті ауған жастар мен одан жиіркеніп, зинадан аулақ болуға ұмтылған жастардың болғандығы сияқты, қазір де ағылған ақпарат адамдарды екіге айырып, олардың ара жігін алшақтата түсуде.

Менің мамандығым – журналист. Бірақ мен өмір бойы мемлекеттік басылымдарда қызмет етіп келемін. Ал мемлекеттік басылымдар атқарушы билікті мадақтап, оның жасап жатқан жұмыстарының жағымды жағын ғана көрсетуге тырысады. Содан болар, мен біреуді жамандап, не сынап жаза алмаймын. Ал мадақтауға керісінше құлшынып тұрамын.

Менің бір танысым республикалық белгілі оппозициялық газетте қызмет етеді. Басылым бастан-аяқ билікті жамандап, оның тек жаман жұмыстарын ғана көсретеді. Содан болар, әлгі танысым кездескен жерде үнемі «заман бұзылып кетті, қоғам қайыршыланып барады, билік бастан-аяқ жемқор» деген сияқты нәрселерді айтады. Яғни, өмірге қара көзілдірікпен қарауға бейім.

Шынын айтқанда мұның адамның санасына тигізер әсері көп. Өмірге тек қара көзілдірікпен қарап үйренген жан тек жамандықты ғана көріп, жақсылықты сезінуден қалады. Бұл оның өміріне де үлкен әсерін тигізеді. Ұдайы жаман нәрсе ойлайтын адамға жамандық та үйір болады. Яғни, мұндай адамның өмірі қиын болмақ.

Періште мен сайтан.

Ислам дінінде адамның екі иығында періште мен сайтан отырып, біреуі жақсылыққа үндесе, екіншісі жаман нәрсе жасауға шақырады деген түсінік бар. Шынында да қазір адамдар ағылған ақпараттан өзіне қажеттісін алып, біреу жақсы болуға ұмтылса, екіншілері жамандықты дос етіп, жамандыққа бейім болады.

Өкінішке орай, уақыт өткен сайын жақсы адамдардың қатары азайып, жаман пенделер көбейіп бара жатқаны байқалады. Оны түсіну үшін данышпан болудың керегі жоқ. Айналаңызға зер сала қарасаңыз, бұған көзіңіз жетеді. Мәселен, мұсылман дінінде тозаққа түсіретін және өлім жазасына кесілетін зинақорлыққа негізделген азаматтық неке деген бүгінде белең алып кетті.

Азаматтық неке деген жалпақ тілмен айтқанда зинақорлық. Еркек пен әйел мойындарына еш жауапкершілік алмай бірге тұрып, қалауынша жыныс жақындығына барады. Бала таппайды, оны асырап, өсірмейді және кез-келген сәтте айрылысып кете салады.
Парақорлық, жемқорлық деген де әбден белең алды. Бұл – адами тілмен айтқанда – қылмыс, ал дін тілімен айтар болсақ – күнә. Арақ ішу, өтірік айту, яғни адамдарды алдау сияқты әдеттер қазір қалыпты жай сияқты саналады.

Адамдардың жаман жолды таңдап, бойларына теріс әдеттерді сіңіруіне қазіргі ақпараттың тигізіп жатқан ықпалы мол. Қазіргі ақпарат таратушылар Габриел Гарсие Маркес сияқты өз ақпараттарында ішкі және сыртқы мазмұнға көңіл бөлмейді. Шет елдік фильмдерде миллиондарды ұрлап немесе тонап алатын қарақшылар жағымды кейіпкер ретінде көрінеді. Ал зинақорлық немесе гомосексуализм деген нәрселер өмірлік қалыпты жай ретінде баяндалады.

Осындай ақпаратты санасына сіңірген адам, әсірсе жас ұрпақ жамандықты өмірлік ұстанымы етіп алатыны анық. Ал жамандық адамды екі дүниеде де ауыртпалыққа ұшаратады.

Тест: сіз қай жолдасыз? Санаға жақсылықты сіңіретін (қайрымдылық, кішіпейілдік, тазалық, әділдік, шыншылдық, жомарттық, кешірімшілдік, т.б) жақсы ақпараттарды жақсы көресіз бе, әлде жамандықты сіңіретін (арсыздық, зинақорлық, нәпсіқұмарлық, сараңдық, өтірікшілдік, дүниеқоңыздық, мансапқұмарлық, ызақорлық, кекшілдік, т.б) жаман ақпараттарды жақсы көресіз бе? Шындыққа тура қарап, осы сауалға жауап беріп көріңіз, сонда өзіңіздің қай топта екеніңізді білетін боласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика